Жүктер мен жөнелтімдерді сақтандыру

"Жүк" және "Жеткізу" тарифтерінде сақтандыру қалай жұмыс істейді?

Сіздің мүлікті сақтандыру жүргізуші/курьер сізге келген сәтте (Орнында пернесін басқанда) әрекет етуін бастайды және сапар аяқталған/курьерлік жеткізу қызметі көрсетілген сәтте аяқталады (жүргізуші/курьер Аяқтау пернесін басады). Егер жолаушы тапсырыстан бас тартса, сақтандыру әрекет етуін тоқтатады.

Егер сіз Яндекс.Такси қолданбасы арқылы "Жүк" тарифінде жүкшілерге тапсырыс берсеңіз, онда сақтандыру жүкті тиеу және жүкті түсіру кезеңіне таралады.

"Жүк" тарифінде көлік жалдау шарты бойынша жүк тасымалдау тек біздің сүйемелдеуіміз бойынша ғана жүргізілетіндігіне назар аударамыз.

Сақтандыруға не кіреді?

Сақтандыру жүктің/жөнелтімнің бүлінуін, жоғалуын немесе бұзылуын өтейді. Сақтандыру жүктің барлық түріне бірақ таралмайтындығына назар аударамыз.

Сақтандырылмайды:
  1. Атыс, дабылдық, пневматикалық, газды қару, оқ-дәрілер, суық қару (оның ішінде лақтыратын қару), электр есеңгіреткіш құрылғылар мен ұшқынды ажыратқыштар, оның ішінде атыс қаруының негіз бөліктері.
  2. Есірткілік заттар, психотроптық, қатты әсер ететін радиобелсенді, жарылғыш, улы, күйдіргіш, жеңіл тұтанғыш және басқа да қауіпті заттар.
  3. Тірі және өлі жануарлар мен өсімдіктер, адамның дене мүшелері мен қалдықтары, оның ішінде мәйіт күлі, жануарлардың өңделмеген терілері.
  4. Ресей Федерациясының ақша белгілері және шетелдік валюта (қолма-қол ақша), жол чектері, құнды қағаздар, банк және төлем карталары, құйма кесек түріндегі алтын және күміс, акциздік маркалар.
  5. Иммунобиологиялық дәрмектер, биологиялық материалдар, қан.
  6. Көркемдік құндылықтар мен бұйымдар, антиквар заттар, өнер бұйымдары (картиналар, иконалар, кітаптар, қолжазбалар, мүсіндер және т.б.), көрме жәдігерлері, коллекциялар.
  7. Фото, аудио, бейне немесе киноматериалдар, оның ішінде порнографиялық материалдар.
  8. Сирек жер металлдардан жасалған құйма кесектер мен бұйымдар, құйма кесек түріндегі бағалы металлдар, бағалы тастар; зергерлік бұйымдар.
  9. Жүзгіш құралдар, кемелер мен яхталар, оның ішінде аумақты емес жүктер.
  10. Дербес немесе зауыттық қаптамасы жоқ үйінді, құлатқыш және құйылмалы жүктер.
  11. Әйнек және арнайы қаптамасы жоқ әйнек-фарфор бұйымдар.
  12. Зияткерлік меншік нысандары (жобалар, жасақтамалар, техникалық құжаттама, қолжазбалар және өзгесі), ақпарат тасымалдағыштар.
  13. Әскери мақсаттағы жүктер.
  14. Балғын жемістер, көкеністер, саңырауқұлақтар, жидектер.
  15. Автокөліктер (жүк, жеңіл, автобустар).
  16. Аумақты емес және ауыр салмақты жүктер.
  17. Белгілі бір температуралық режимді сақтауды талап ететін жүктер.

Толығырақ сақтандыру бағдарламасымен төмендегі ережелерден танысып білуге болады.

Бір сақтандыру жағдайы бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы 500 000 рубльден аспайды.

Бұл қанша тұрады?

Тегін.

Сақтандыруды қалай қосу керек?

Сізге қосымша ештеңе қосып қажет емес. Сақтандыру Ресейде Яндекс.Такси сервисінің көмегімен "Жүк" және "Жеткізу" тарифтері бойынша жасалған барлық тапсырыстарға қосылған.

Қандай жағдайда өтемақы төленеді?

  • Жүкті/жөнелтімді тасымалдау кезінде жол-көлік апаты орын алып, ол мүліктің бүлінуіне алып келді.
  • Жүкті/жөнелтімді тасымалдау кезінде жеткілікті қаптама болса да, жүк жылжып кету нәтижесінде бүлінді.
  • Жүкті тиеу және түсіру кезінде жүкшінің кінәсінен, егер бұл қызметке тапсырыс Яндекс.Такси сервисінің көмегімен "Жүк" тарифінде берілген болса, жүк бүлінді.
  • "Жеткізу" тарифінде жөнелтімді жоғалту (жеткіліксіз түрде жеткізу) немесе бүлдіру орын алды.

Төлемді қалай алуға болады?

  1. Бізге хат жазыңыз — орын алған оқиғаның мән-жайын айтып беріңіз, және мүмкін болса, фотосуреттерді қоса жіберіңіз. Біз сізге сақтандыру үрдісі туралы кеңес беріп, сіздің өтінішіңізді сақтандыру компаниясына жібереміз.
  2. Егер бүлініс жол-көлік оқиғасы кезінде орын алса, МАИ бөлімшесінде жол-көлік оқиғасын талқылауға қатысыңыз. Аяқталғаннан кейін әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша ресми қаулыны алыңыз.
  3. Сақтандыру компаниясының қызметкерлері сізге хабарласып, өтемақыны алуға арналған құжаттардың нақты тізімін береді.
  4. Құжаттарды алғаннан кейін екі апта ішінде сақтандыру компаниясы сіздің сақтандыру жағдайыңыз бойынша шешім қабылдап, банк шотына ақша аударады.

Төлемді алу үшін қандай құжаттар қажет?

Құжаттардың нақты тізімін сізге сақтандыру компаниясы береді.

Көптеген жағдайларда төлемді алу үшін сізге төмендегі құжаттар қажет болады:

  • сақтандыру өтемақысын төлеу туралы өтініш;
  • мүлігіне зақым келтірілген тұлғаның шағымы;
  • жол-көлік оқиғасы туралы құжат;
  • жүк бүліністерінің фотосуреттері.

Толықтай шарттармен сақтандыру компаниясының ережелерінен танысып білуге болады.

Ескертпе. Берілген ескертпе жария оферта болып табылмайды. Егер сізде сақтандыру бағдарламасы бойынша сұрақтар қалса, қолдау көрсету қызметіне жүгініңіз.