Банк картасын қорғау жолдары

Төлем картасын алаяқтық әрекеттерден қорғау үшін:

  1. Үшінші тұлғаларға ешқашан төлем картасының PIN-кодын және CVV2-кодын, сондай-ақ оның әрекет ету мерзімі мен кімге тіркелгендігін хабарламаңыз.
  2. Егер сіз төлем картасын жоғалтып алсаңыз немесе сізде оның деректемелерін үшінші тұлғалардың біліп қойғандығына негіз болса, дереу банкке жүгініп, оны бұғаттаңыз.
  3. Интернет-банкке бөгде компьютерлерден немесе қорғалмаған желілер арқылы кірмеңіз. Егер мұндай жағдай орын алса, интернет-банктен шығуға және браузер кешін өшіруге ұмытып кетпеңіз.