Жүргізушіге шайпұл қалдыру жолдары

Бұл опция сапарларды банк картасымен төлеу кезінде ғана жұмыс істейді.

Егер сізге сапар ұнаса, сіз жүргізушіге шайпұл қалдыра аласыз.

Барлық сапарларға арналған шайпұл мөлшерін көрсету үшін қолданбаның мәзірінде  → Төлем әдісі → Әдепкі түрдегі шайпұл бөліміне өтіп, шайпұл мөлшерін таңдаңыз.

Шайпұл мөлшерін қолданба мәзірі арқылы немесе сіз сапар соңында жүргізушіге баға қойғаннан кейін өзгертуге болады.

Егер сіз сапар аяқталғаннан кейін оң баға қойып (немесе баға қоймасаңыз) және Дайын пернесін бассаңыз, шайпүл автоматты түрде 30 минуттан кейін шегеріледі.

Егер сіз сапар аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде теріс баға қойып, Дайын пернесін бассаңыз, шайпұл шегерілмейді.

Егер сапардан кейін 30 минут ішінде сіз Дайын пернесін баспасаңыз, шайпұл сомасы 24 сағатқа бұғатталады. Осы уақыт ішінде сіз берілген сапар үшін шайпұл мөлшерін өзгерте аласыз — ал бір тәулік өткен соң шайпұл көрсетілген мөлшерде шегеріледі.