Сапарға алдын ала тапсырыс беру

Машина белгілі бір уақытта келгенін қалайсыз ба? Яндекс.Такси қолданбасы арқылы сапарға алдын ала тапсырыс беріңіз. Тапсырыс тілектерінде "Сапарды жоспарлау" пәрменін таңдап, қажетті күн мен уақытты белгілеңіз. Машинаны іздеу сапар басталғанға дейін басталады.

Машинаға тапсырысты шығар алдынан кем дегенде 30 минут бұрын беру керек, алдын ала берілетін тапсырыстың ең ұзақ интервалы — 2 күн. Таңертең таксимен баруды жоспарлап, жиналуға уақыт үнемдегіңіз келе ме? Оған дейінгі кеште алдын ала тапсырыс беріңіз.

Қалай төлеуге болады:
  • Қолма-қол ақшамен
  • Төлем картасымен
  • Корпоративтік аккаунт көмегімен
  • Отбасылық аккаунт көмегімен

Алдын ала берілетін тапсырыс кезінде қолданба оның болжамды құнын көрсетеді, нақты бағасы машина табылған кезде белгілі болады.

Яндекс.Такси ұялы қолданбасының соңғы нұсқасын пайдаланушылар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Новосибирск, Екатеринбург және Краснодар қалаларында сапарға алдын ала тапсырыс бере алады. Жуық арада алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігі басқа қалаларда да пайда болады.