---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.54.5
alternate:
  - https://yandex.com/support/yandex-app-ios/en/settings/location.md
  - https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/settings/location.md
  - https://yandex.com/support/yandex-app-ios/ru/settings/location.md
  - https://yandex.com/support/yandex-app-ios/tr/settings/location.md
  - href: kk/settings/location.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/llms.txt

<!-- source: kk/_includes/bar-with-links-applications.md -->
#|
||
iOS-қа арналған «Яндекс» қосымшасының Анықтамасын оқып отырсыз.
[Android-қа арналған «Яндекс Старт» қосымшасының көмегі →]()
[Android-қа арналған «Яндекс» қосымшасының көмегі →]()
||
|#
<!-- endsource: kk/_includes/bar-with-links-applications.md -->

# Тұрған орны

[«Яндекс» қосымшасын](https://itunes.apple.com/kz/app/id1050704155) орнатқан кезде орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты пайдалануға рұқсат сұрайды. Сіз оған осы мәліметтерді пайдалануға рұқсат бере аласыз немесе тыйым сала аласыз.

Сіздің орналасқан жеріңіз туралы мәліметтер келесі жағдайларда қолданылады:

- сайттар сіздің аймағыңызға сәйкес ақпаратты көрсетеді (мысалы, ауа райы, кептеліс немесе карта);
- мекенжай жолағында сәйкес кеңестер көрсетіледі (мысалы, ауа райы туралы);
- баптауларда аймақта қолданылатын іздеу жүйелерінің жиынтығы көрсетіледі.

Бастапқы қалып бойынша өңір сіздің құрылғыңыздың тұрған орны бойынша анықталады.


## Аймақты қолмен жазып көрсету {#choose-region}



Елді таңдау үшін:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Негізгі** таңдаңыз.
1. **Елді іздеу** ашыңыз.
1. Тізімнен елді таңдаңыз.

Қаланы таңдау үшін:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Негізгі** таңдаңыз.
1. **Қала** ашыңыз.
1. Атауын жазыңыз және тізімнен қаланы таңдаңыз.



## Тұрған орын дұрыс анықталмады {#problems}

{% cut "**Қолданбаны жаңартыңыз**" %}

Егер сіз ескі нұсқаны қолдансаңыз, қосымшаны [жаңартыңыз](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/install.md#toupdate).

{% endcut %}

{% cut "**Қолданба баптауларын тексеріңіз**" %}



Елді тексеріңіз:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Негізгі** таңдаңыз.
1. **Елді іздеу** ашыңыз.
1. Егер ел дұрыс көрсетілмесе — керектісін тізімнен таңдаңыз.

Қаланы тексеріңіз:

1. <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
   [Басты экранда](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/interface.md) ![](../_assets/profile-icon.svg) → **Қолданба баптауларына** басыңыз.
   <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/li-settings.md -->
1. **Негізгі** таңдаңыз.
1. **Қала** ашыңыз.
1. Егер қала дұрыс көрсетілмесе — қаланың атауын енгізіп, оны таңдаңыз.



{% endcut %}

{% cut "**Құрылғы баптауларын тексеріңіз**" %}

Қолданбада тұрған орнын анықтауға рұқсат етілгенін тексеріңіз.

{% endcut %}

Егер мәселе шешілмесе, [бізге](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/troubleshooting/app-form.md) нақты орналасқан жеріңізді жазып, орналасқан жері баптауларының скриншотын жіберіңіз. Орналасу баптауларына өту үшін  [Басты экранда](https://yandex.com/support/yandex-app-ios/kk/app/interface.md) батырмасын басыңыз ![](../_assets/profile-icon.svg) **(профиль портреті)** → **Қосымша баптаулары** → **Негізгі** → **Іздеу елі** және **Қала** батырмасын басыңыз.


<!-- source: kk/_includes/button-content.md -->
<a href="kk/content">
  <span class="button">Мазмұнға өту</span>
</a>


<!-- endsource: kk/_includes/button-content.md -->

<!-- source: kk/_includes/button-feedback.md -->
</br>

<a href="kk/troubleshooting/app-form">
  <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- endsource: kk/_includes/button-feedback.md -->
