iOS-қа арналған «Яндекс» қосымшасының Анықтамасын оқып отырсыз.
Android-қа арналған «Яндекс Старт» қосымшасының көмегі →
Android-қа арналған «Яндекс» қосымшасының көмегі →

Деректерді синхрондау

Синхрондау – бұл сіздің құрылғыларыңыздағы Яндекс қосымшалары мен браузерлер арасында деректермен алмасу. Деректерді аралық сақтау үшін Яндекс сервері қолданылады, онда ақпарат қорғалған арна бойынша, ал құпиясөздер шифрланған түрде беріледі. Сервердегі деректер Яндекс сервистерінде қолданылатын авторизация жүйесімен қорғалған. Синхрондау барлық құрылғылардан деректерге қол жеткізуге және құрылғы жоғалған немесе бұзылған жағдайда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Синхрондау қалай жұмыс істейді

Синхрондауды қосқаннан кейін, ол серверде сақталған деректерді өзгерткен сайын орындалып отырады. Мысалы: сіз құрылғыда құпиясөзді сақтайсыз – қолданба оны серверге жібереді және бір уақытта басқа құрылғыларда жасаған барлық өзгерістерді жүктейді (соңғы синхрондаудан бастап).

Синхрондау келесілерге мүкіндік береді:

  • Синхрондалған құрылғыларда құпиясөздер мен карталар менеджерін қолдануға (құпиясөздерді автоматты түрде қою, құпиясөздерді шифрланған түрде сақтау, егер сіз мастер-құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, сайтқа кіруді қалпына келтіру).
  • Синхрондалған құрылғыларда ашық қойындыларды қарауға.
  • Құрылғыңыз істен шыққанына қарамастан құпиясөздер, карта деректері, қойындылар мен енгізу формаларын қалпына келтіру.

Кез келген уақытта синхрондауды өшіруге немесе синхрондағыңыз келетін деректер тізімін өзгертуге болады.

Синхрондауды қосу

Синхрондау келесі талаптарды орындаған жағдайда жұмыс істейді:

Синхрондауды қосу үшін:

  1. Басты экранда Кіру батырмасын басыңыз.

  2. Қажетті аккаунтты таңдаңыз немесе Аккаунтты қосу батырмасын басыңыз, содан кейін Яндекс қосымшасындағы логин мен құпиясөзіңізді енгізіңіз. Синхронизация қосылады.

    Кеңес

    Егер Яндекс қолданбасында әлі тіркелмеген босаңыз, Тіркелу батырмасын басыңыз және есептік жазбаның параметрлерін толтырыңыз.

  3. Басты экранда  → Қолданба баптауларына басыңыз.

  4. Синхрондау батырмасын басыңыз.

  5. Барлық опциялардың қосылғанын тексеріңіз.

Синхрондалатын деректер тізімін өзгерту

  1. Басты экранда  → Қолданба баптауларына басыңыз.
  2. Синхрондау батырмасын басыңыз.
  3. Қойындылар, Құпиясөздер және карталар және Енгізу үлгісі қажет опцияларын өшіріңіз немесе қосыңыз.

Синхрондауды өшіру

  1. Басты экранда  → Қолданба баптауларына басыңыз.
  2. Синхрондау батырмасын басыңыз.
  3. Синхрондауды сөндіру батырмасына басыңыз.
Мазмұнға өту
Қолдау қызметіне жазу