Картамен төлеу барысындағы шайпұл

Ескертпе. Жол ақысын банк картасымен төлеу мүмкіндігі кейбір аймақтарда әзірше қолжетімсіз.

Сапарды банк картасымен төлейтін болсаңыз да, жүргізушіге шайпұл қалдыра аласыз:

  • Барлық сапарлар үшін шайпұлдардың біріңғай мөлшерін белгілеу үшін, қолданбаның  → Төлем әдістері → Әдепкі бойынша шайпұл қалдыру мәзіріне өтіңіз.
  • Бір сапарға арналған шайпұл мөлшерін орнату немесе өзгерту үшін, сапар соңында қолданбада ашылатын форманы пайдаланыңыз.

Сіз жүргізушіге оң баға беріп және Дайын түймесін басқан болсаңыз (немесе бағасы бар экранды жай ғана жапқан болсаңыз), шайпұлдар сапар аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде автоматты түрде ұсталынып қалады.

Егер сіз сапарға оң баға беріп, алайда Дайын түймесін баспаған болсаңыз (немесе бағасы бар экранды жай ғана жапқан болсаңыз), шайпұл сомасы карта шотында 24 сағатқа бұғатталатын болады. Осы уақыт ішінде шайпұл мөлшерін өзгертуге болады. Бір тәуліктен кейін көрсетілген мөлшердегі шайпұл ұсталынады.