Яндекс.Такси дегеніміз не

Яндекс.Такси — бұл диспетчерге қоңырау шалмай-ақ, ресми таксиді тиімді тарифтер бойынша шақыруға мүмкіндік беретін сервис. Таксиге сайтта және iOS (оның ішінде Apple Watch сағатында да) пен Android операциялық жүйелеріне арналған Яндекс.Такси қолданбасы арқылы тапсырыс беруге болады.

Сервистің артықшылықтары:

Тапсырыстарды біздің серіктестеріміз — такси қызметтері орындайды. Біз үшін сапарлардың барынша жайлы болғаны маңызды, сондықтан таксопарктерге қойылатын талаптарымыз жоғары. Жүргізушілер үшін арнайы аттестаттау қарастырылған, ал автокөліктер біздің стандарттарға сәйкестікке тексеруден өтеді.