Яндекс.Такси

Пайдалы сілтемелер

Қолданбаны жүктеу

Банк картасын пайдалану

Сапарларды тек қолма-қол ақшамен емес, сондай-ақ банк картасымен төлеу. iOS (3.10 және одан кейінгі нұсқалары) және Android (3.1 және одан кейінгі нұсқалары) жүйелеріне арналған мобильді қолданба арқылы тапсырыс беру барысында картамен төлеуге болады.

Сапарларды қолма-қол ақшасыз әдіспен төлеу үшін банк картаңызды қолданбамен байланыстырыңыз:

  1. МәзірБанк картасыКартаны қосу тармақтарын таңдаңыз.
  2. Картаның деректерін көрсетіңіз: 16 таңбалы нөмір, жарамдылық мерзімі, CVV коды (картаның артқы жағында). Картаның нөмірін қолмен теруге немесе смартфон камерасының көмегімен сканерлеуге болады — ол үшін Картаны сканерлеу түймесін басыңыз.
  3. Дайын түймесін басыңыз.

Картаның жарамдылығын тексеру үшін шоттан уақытша 2 теңге мөлшеріндегі сома ұсталынатын болады.

Ақшаны сақтық қорда сақтау және ақшаны ұстап қалу

Сапар аяқталғаннан кейін тапсырыс бағасының қорытынды бағасы карта шотындағы сақтық қорға сақталынады. Кейбір жағдайларда сақтық қорда сақтау сапар кезінде бөлініп ұсталады. Ақшаны ұстап қалу қаражатты сақтық қорға сақтау аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.

Егер сапар аяқталғаннан кейін картада төлемге қажетті ақша жетпей қалса, онда сапар барысында ұстап қалу мүмкін болмаған сома картадан ұсталынады. Қалған сома карта теңгерімін толтыру барысында автоматты түрде ұсталынады.

Төлеу тәсілін қолма-қол ақшамен төлеуге өзгерту

Егер сапар кезінде сіздің картаңыздан ақшаны ұстап қалу мүмкін болмаса, онда төлеу тәсілі автоматты түрде қолма-қол ақшамен төлеуге өзгереді. Сапар аяқталғаннан кейін, сіз тағы бір рет такси ақысын банк картасымен төлеп көруіңізге болады.

Төлеу тәсілінің өзгергені туралы ақпарат Push-хабарлама арқылы жіберілетін болады. Push-хабарламаның телефон баптауларында іске қосылғанына
[no-highlight[
  • iOS: ТаксиХабарламалар телефон баптауларын ашыңыз және хабарлама параметрлерін орнатыңыз.
  • Android: ҚолданбаларЯндекс.Такси телефон баптауларын ашыңыз және Хабарламаларды іске қосу мүмкіндігін таңдаңыз.
]no-highlight]
алдын ала көз жеткізіңіз.