Яндекс.Такси

Пайдалы сілтемелер

Қолданбаны жүктеу

Серіктес болу жолдары қандай?

Яндекс.Такси жүргізушілерге жақын маңайдағы жолаушылардан автоматты режимде тапсырыстарды қабылдауға мүмкіндік береді. Сервиске қосылу такси қызметтеріне тапсырыстардың жалпы санын арттыруға, автокөліктердің бос жүруін қысқартуға, сондай-ақ диспетчерлік бөлімнің жүктемесін азайтуға көмектеседі.

Такси қызметтеріне

Біз Ресейдің, Белоруссияның, Арменияның, Грузия, Қазақстан және Украина барлық қалаларындағы такси қызметтерін серіктес болуға шақырамыз. Тек жергілікті заңның талаптарына сәйкес әрекет ететін ресми тасымалдаушылар ғана сервиске серіктес бола алады.

Сервиске қосылу барысында байланыстағы көліктердің, сондай-ақ таксопаркте пайдаланылатын құрал-жабдықтардың саны ескеріледі:

  • Яндекс.Таксометр бағдарламалық құралы бар парктер үшін көліктер саны қалаға байланысты анықталады.

  • Басқа бағдарламалық құралды пайдаланатын парктерде (қалаға байланыссыз түрде) желіде кем дегенде 100 көлік болу керек.

Сервистің барлық серіктестері Яндекспен тікелей келісімшартқа отырады және серіктестіктің бірдей коммерциялық шарттарына ие болады. Компаниялар сервисте өз брендтерімен көрсетіледі және Яндекс.Таксидің максималды рұқсат еткен тарифінен аспайтын өз тарифтері бойынша жұмыс істейді.

Яндекс.Таксиге қосылу үшін өзіңіздің такси қызметіңіз туралы ақпаратты қамтитын өтінімді толтырыңыз және оны бізге жіберіңіз. Біз міндетті түрде сізбен байланысамыз.

Жүргізушілерге

Яндекс тікелей жүргізушілермен (жеке тұлғалармен) жұмыс істемейді. Сіз кез келген такси қызметімен — сервис серіктестерімен жұмыс істей отырып, Яндекс.Такси пайдаланушыларынан тапсырыстарды қабылдай аласыз.

Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін болсаңыз немесе ЖК тіркеуді жоспарлаған болсаңыз, сервиске қосылуға арналған өтінімді толтырыңыз.