Мен таксиде заттарымды ұмытып кеттім

Қалдырылған заттарды қайтару үшін, жүргізушіге қоңырау шалыңыз. Телефон нөмірі Push-хабарламада көрсетіледі. Сонымен қатар, жүргізушінің байланыс ақпараты, сізде осы опциялар қосулы болған жағдайда, сіздің тапсырысыңыз бойынша ақпарат көрсетілген SMS хабарламада және сапар жайлы есептемеде қолжетімді болады.

Егер сіз жүргізушімен байланыс орната алмасаңыз, Яндекс.Таксидің қолдау көрсету қызметінен кері байланыс формасы арқылы көмек сұрауға болады.