Яндекс.Такси

Пайдалы сілтемелер

Қолданбаны жүктеу

Таксиге тапсырыс беру жолы

  1. taxi.yandex.com сайтына өтіңіз.

  2. Телефон нөмірін, мекенжайды және таксидің жөнелтілу уақытын көрсетіңіз.

  3. Тарифті таңдаңыз.

  4. Қалаған баратын жерді көрсетіңіз, сапарға қойылатын маңызды талаптарды белгілеңіз (мысалы, балалар креслосының бар-жоғы) және түсініктеме қалдырыңыз.

    Түсініктемелерде қосымша ақпаратты көрсетіңіз — мысалы, жүргізушінің сізді табуына көмектесу үшін “өткелдің жанында күту”, деп жазыңыз.

    Талаптарды белгілей отырып, кейбір қызметтердің ақылы екеніне назар аударыңыз.

  5. Такси шақырту түймесін басыңыз.

Көлік туралы деректер, жүргізушінің телефон нөмірі және такси қызметі көрсетілген SMS такси жолға шыққаннан кейін 15-20 минут ішінде келеді. Егер сіз таксиді ағымдағы уақытқа шақыртқан болсаңыз, тапсырыс бергеннен кейін 2-3 минут ішінде ақпарат көрсетілген SMS келеді.

  1. Такси жөнелтілетін мекенжайды көрсетіңіз.

  2. Таксидің жөнелтілу уақытын көрсетіңіз.

  3. Тарифті және төлеу тәсілін таңдаңыз.

  4. Қалауыңыз бойынша баратын жерді көрсетіңіз, түсініктеменіқосыңыз.

    Түсініктемелерде қосымша ақпаратты көрсетіңіз — мысалы, жүргізушінің сізді табуына көмектесу үшін “өткелдің жанында күту”, деп жазыңыз.

  5. Такси шақырту түймесін басыңыз.

Такси жолға шыққаннан кейін 15-20 минут ішінде көлік туралы деректер, жүргізушінің телефон нөмірі және такси қызметі көрсетілген SMS келеді.

Тапсырыстың күйі туралы ақпарат (мысалы, жүргізушінің келгені туралы) Push-хабарлама арқылы жіберіледі. Push-хабарламаның телефон баптауларында іске қосылғанына
[no-highlight[
  • iOS: ТаксиХабарламалар телефон баптауларын ашыңыз және хабарлама параметрлерін орнатыңыз.
  • Android: ҚолданбаларЯндекс.Такси телефон баптауларын ашыңыз және Хабарламаларды іске қосу мүмкіндігін таңдаңыз.
]no-highlight]
алдын ала көз жеткізіңіз.

Тапсырысты жою

  1. Сервис мәзірінен Таксиге тапсырыс беру тармағын таңдаңыз.
  2. Ағымдағы тапсырыстар блогында Қарау түймесін басыңыз.
  3. белгісін басыңыз.
  4. Диалогтық терезеде Тапсырыстан бас тарту түймесін басыңыз.

Тапсырыстан бас тарту үшін экранның төменгі жағындағы Бас тарту (Тапсырыстан бас тарту) түймесін басыңыз.

Сонымен қатар, такси қызметінің диспетчеріне қоңырау шалу арқылы бас тартуға болады. Телефон нөмірі тапсырыс туралы ақпараты бар SMS-те көрсетілген.

Сирек жағдайда тапсырыстан такси қызметінің немесе жүргізушінің тарапынан бас тартылуы мүмкін.