Таксиге тапсырыс беру жолы

  1. taxi.yandex.com сайтына өтіңіз.

  2. Телефон нөмірін, мекенжайды және таксидің жөнелтілу уақытын көрсетіңіз.

  3. Тарифті таңдаңыз.

  4. Қалаған баратын жерді көрсетіңіз, сапарға қойылатын маңызды талаптарды белгілеңіз (мысалы, балалар креслосының бар-жоғы) және түсініктеме қалдырыңыз.

    Түсініктемелерде қосымша ақпаратты көрсетіңіз — мысалы, жүргізушінің сізді табуына көмектесу үшін "өткелдің жанында күту", деп жазыңыз.

    Талаптарды белгілей отырып, кейбір қызметтердің ақылы екеніне назар аударыңыз.

  5. Такси шақырту түймесін басыңыз.

Көлік туралы деректер, жүргізушінің телефон нөмірі және такси қызметі көрсетілген SMS такси жолға шыққаннан кейін 15-20 минут ішінде келеді. Егер сіз таксиді ағымдағы уақытқа шақыртқан болсаңыз, тапсырыс бергеннен кейін 2-3 минут ішінде ақпарат көрсетілген SMS келеді.

Тапсырысты жою

  1. Сервис мәзірінен Таксиге тапсырыс беру тармағын таңдаңыз.
  2. Ағымдағы тапсырыстар блогында Қарау түймесін басыңыз.
  3. белгісін басыңыз.
  4. Диалогтық терезеде Тапсырыстан бас тарту түймесін басыңыз.

Сонымен қатар, такси қызметінің диспетчеріне қоңырау шалу арқылы бас тартуға болады. Телефон нөмірі тапсырыс туралы ақпараты бар SMS-те көрсетілген.

Сирек жағдайда тапсырыстан такси қызметінің немесе жүргізушінің тарапынан бас тартылуы мүмкін.