Бағасын есептеу

Қолданыстағы бағалар туралы ақпарат тарифтері бар бетте қолжетімді.

Тапсырысты рәсімдеу барысында төмендегілерді ескере отырып сапардың бекітілген бағасы есептеледі:

  • таңдалған тариф,
  • орынға дейінгі арақашықтық және жол жүруге кеткен уақыт,
  • кептелістер туралы ақпарат,
  • ауа райы жағдайлары.

Сапар құны, тіпті жолда жаңа кептелістер пайда болған немесе жүргізушіге құрастырылған бағыттан басқа жаққа бұрылуға тура келген жағдайда да көбейтілмейді. Жол ақысын қайта есептеу, тек сіз соңғы нүктені өзгерткен немесе жүргізушіден жол бойында тоқтауын өтінген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.

Маңызды. Сапардың нақты белгіленген құны iOS (3.50 және одан кейінгі нұсқалары) және Android (3.15 және одан кейінгі нұсқалары) операциялық жүйелеріне арналған қолданба және taxi.yandex.kz сайты арқылы жасалған тапсырыстар үшін қолданылады. Басқа жағдайларда, тапсырысты рәсімдеу кезінде болжалды жол ақысы көрсетіледі. Егер тапсырыста сапардың соңғы нүктесі таңдалмаған болса, онда таңдалған тариф бойынша ең аз құны экранда пайда болады. Қорытынды құны сапар аяқталғаннан кейін есептеледі.