Мекенжайды "Мекенжайларым" тармағына қосу жолы

Сіз ең жиі пайдаланатын мекенжайларды сақтай аласыз, мысалы, үй мекенжайын. Таңдалған мекенжайды, таксиді жөнелтуге арналған орын ретінде, сонымен қатар баратын орын ретінде де көрсетуге болады.

Мекенжайды сақтау үшін:

iOS:
  1. Қолданбаның  → Менің мекенжайларым мәзірін ашыңыз.
  2. Мекенжай түрін таңдап, түймесін басыңыз.
  3. Мекенжайды көрсетіңіз.
  4. Қалау бойынша кіреберіс нөмірін көрсетіңіз және түсіндірме қосыңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

    Сақталған мекенжайды жою үшін, мекенжайды енгізіп, Жою түймесін басыңыз.

Android:
  1. Қолданбаның  → Менің мекенжайларым → Мекенжай қосу мәзірін ашыңыз.
  2. Мекенжайды көрсетіңіз.
  3. Қалау бойынша кіреберіс нөмірін көрсетіңіз, атауды және түсіндірме қосыңыз.
  4. Қосу түймесін басыңыз.

    Сақталған мекенжайды жою үшін мекенжайды бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. Содан кейін түймесін басып, жоюды растаңыз.