Тіркелгіні қосу, ауыстыру немесе жою жолы

Тіркелгі бұл Яндекс.Такси қосымшасының телефон нөміріне байланыстырылған баптаулар жинағы. Сіз бірнеше тіркелгі жасап, мысалы, саяхаттарда олардың арасында ауысып отыра аласыз. Әрбір тіркелгі үшін әртүрлі төлем әдістерін және промокодтарды пайдалануға, бірегей мекенжайларды көрсетуге және т.б. істеуге болады.

Бірінші тіркелгі қосымшаны пайдалануды бастағанда нөмірді растау кезінде жасалады.

Жаңа тіркелгіні қосу жолы
  1. қолданбасының мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөмірін басыңыз, содан кейін тағы бір рет басыңыз.
  3. Басқа тіркелгіні таңдау пәрменін басыңыз.
  4. Телефон нөмірін көрсетіп, Келесі пәрменін басыңыз — бұл нөмірге растау коды бар SMS келеді.
  5. Кодты енгізіп, Дайын (немесе Келесі) түймесін басыңыз — жасалған тіркелгі белсенді болады.
Тіркелгіні ауыстыру жолы
  1. қолданбасының мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөмірін басыңыз, содан кейін тағы бір рет басыңыз.
  3. Тіркелгіні оңға немесе солға жылжытыңыз, басқасын таңдаңыз және Келесі (немесе Жалғастыру) түймесін басыңыз.
Тіркелгіні жою жолы
  1. қолданбасының мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөмірін басыңыз.
  3. Профильден шығуТіркелгіні жою (немесе Шығу) тармағын басыңыз.
  4. Басқа тіркелгіні таңдап, Келесі түймесін басыңыз.

Басқа тәсілі (тек iOS жүйесінде):

  1. қолданбасының мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөмірін басыңыз, содан кейін тағы бір рет басыңыз.
  3. Тіркелгі жанында пәрменін басып, жоюды растаңыз.
  4. Басқа тіркелгіні таңдап, Келесі түймесін басыңыз.