Картаны байланыстыру мүмкін болмады

Банк картасын iOS (8.0 және одан кейінгі нұсқалары) және Android (4.0 және одан кейінгі нұсқалары) операциялық жүйелеріне арналған қолданба арқылы телефонға байланыстыруға болады.

  1. Мәзір Банк картасыКартаны қосу тармақтарына өтіңіз.
  2. Картаның деректерін көрсетіңіз: 16 таңбалы нөмір, жарамдылық мерзімі, CVV коды (картаның артқы жағында). Картаның нөмірін қолмен теруге немесе смартфон камерасының көмегімен сканерлеуге болады — ол үшін Картаны сканерлеу түймесін басыңыз.
  3. Дайын түймесін басыңыз.

Картаның анықтығын тексеру үшін шоттан аз ғана сома ұсталынатын болады. Қорда сақталған қаражат шығынға ұсталынбайды және тексеріс аяқталғаннан кейін қайта қолжетімді болады.

Егер сізде банк картасын байланыстыруға қатысты мәселелер туындаса, ол туралы бізге хабарлаңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.