Сапар журналын көру әдісі

Әр тапсырыс бойынша ақпаратты  → Сапар журналы қолданба мәзірінде көруге болады.

Сапар карточкасында сапар бағыты, құны, күні және уақыты көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты көру үшін карточканы басыңыз:

  • Картадағы сапар бағыты мен жолаушыны алу және жеткізу мекенжайы.
  • Сапар ұзақтығы.
  • Жүргізуші мәліметтері. Жүргізушінің телефон нөмірі соңғы жол жүру аяқталған соң, 24 сағат бойы қолжетімді болады.
  • Тапсырысты орындаған көлік мәліметтері.
  • Тариф және қорытынды құны.