Сапар құнын есептеу жолы

Қолданыстағы бағалар туралы ақпарат Тарифтер бетінде қолжетімді.

Тапсырысты рәсімдеу кезінде сапардың белгіленген құны есептеледі. Есептеу үшін таңдалған тариф, орынға дейінгі арақашықтық пен жол жүруге кеткен уақыт, кептелістер туралы деректер, сонымен қатар, ауа райы жағдайлары да ескеріледі.

Сапар құны, тіпті жолда жаңа кептелістер пайда болған немесе жүргізушіге құрастырылған бағыттан басқа жаққа бұрылуға тура келген жағдайда да көбейтілмейді. Жол ақысын қайта есептеу, тек сіз соңғы нүктені өзгерткен немесе жүргізушіден жол бойында тоқтауын өтінген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.

Маңызды. Сапардың нақты белгіленген құны iOS (3.50 және одан кейінгі нұсқалары) және Android (3.15 және одан кейінгі нұсқалары) операциялық жүйелеріне арналған қолданба арқылы жасалған тапсырыстар үшін қолданылады. Мобильді операциялық жүйелердің басқа нұсқаларына арналған қолданбада болжалды құны көрсетіледі. Егер тапсырыста сапардың соңғы нүктесі таңдалмаған болса, онда таңдалған тариф бойынша ең аз құны экранда пайда болады. Қорытынды құны сапар аяқталғаннан кейін есептеледі.