Қолданбада немесе сайтта тілді ауыстыру жолдары

Қолданбаның тілін ауыстыру

iOS

  1. Телефон баптаулары → Негізгі  → Тіл және аймақбөлімін ашыңыз.
  2. Өзгерту пернесін басыңыз.
  3. Таңдаулы тілдер тәртібі тізімінен таңбасына басып, қажетті тілді тізімнің басына жылжытыңыз.
  4. Дайын → Әрі қарайпернесін басыңыз.

    Егер тізімде қажетті тіл болмаса, экранда Тіл және аймақ жазуын басып, кейін Тілді қосу сілтемесіне өтіңіз. Тілді таңдап, кейін Дайын пернесін басыңыз да таңдауды растаңыз.

Android

Қолданбаның мәзірін ашып,  → Баптаулар → Қолданба тілібөліміне өтіп, қажетті тілді таңдаңыз.

Сайтта тілді ауыстыру

Сайтта тілді ауыстыру үшін тілдерді ауыстыру пернесіне басып, қажетті тілді таңдаңыз.