Тілектерді қалай қосуға болады

Тілектер мен пікірлер тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетіледі.

Тапсырысқа қойылатын тілектерде сапардың маңызды шарттарын көрсету керек (мысалы, тапсырыс басқа адам үшін жасалған). Кейбір тілектер ақылы болуы және аймаққа байланысты айырмашылықтары болуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз, мысалы:

  • Жануарларды тасымалдау (тек арнайы жабдықталған сөмке немесе контейнер болса ғана).
  • Балалар креслосы немесе бустер.
  • Әмбебап шанақ.
  • Салонда шаңғы тасымалдау.
  • Салонда жүк тасымалдау (сөмкелер мен қол жүгінен басқа).

Тілектер арқылы қосымша ақпаратты көрсету де пайдалы, мысалы "Ауладан кіру" — бұл жүргізушіге сізді табуға көмектеседі. Жүргізуші тілектерді тапсырысты қабылдаған сәтте бірден көреді.