Отбасылық аккаунтты қосу

Отбасылық аккаунт жақындарыңызға қамқорлық жасауға көмектеседі. Енді олар сапарларын сіздің төлем картаңыздан төлей алады.

Отбасылық аккаунты қалай жасауға болады

  1. Қолданба мәзірінде  → Отбасылық аккаунтбөлімін ашыңыз.
  2. Қатысушыларды шақыру пернесін басыңыз. Олардың нөмірлерін енгізіңіз немесе байланыстар тізімінен қосыңыз. Аккаунтқа 3 адамға дейін қосуға болады.
  3. Отбасылық аккаунт бөлімінде Төлемге арналған картаны таңдау пернесін басыңыз. Қолданбаға тіркелген банк карталарынан өзіңізге қажетін таңдаңыз немесе жаңасын тіркеңіз.
  4. Сіз қосқан адамдардың қолданбасындағы төлем тәсілдерінде Отбасылық аккаунт тәсілі пайда болады.

Отбасылық аккаунтты қалай өшіру керек

  1. Қолданба мәзірінде  → Отбасылық аккаунтбөлімін ашыңыз.
  2. Өшіру пернесін басып, өшіруді растаңыз.

Отбасылық аккаунтпен сіз жақындарыңыздың сапарларын көре алмайсыз, ал олар сіздің сапарларыңызды көрмейді. Ақшаның шегерілгендігі туралы хабарлама тек төлем картасының иесіне ғана келеді.

Төлем жасау үшін Отбасылық аккаунтты пайдалана отырып, пайдаланушы Плюс бойынша жеңілдікті де, сапар үшін ұпайларды да алмайды.