Төлем карталарын қорғау
Банктер төлем карталарының иелерін жаңа қауіпсіздік шараларын әзірлей отырып, алаяқтардан қорғауға тырысады. Сіз де өз төлем картаңызды негізгі кеңестерге сүйене отырып, қорғай аласыз:
- Бөтен адамдарға төлем картасының PIN-кодын және CVV2-кодын, сондай-ақ оның әрекет ету мерзімі мен кімге тіркелгендігін ешқашан хабарламаңыз.
- Егер сіз төлем картасын жоғалтып алсаңыз немесе әлдекім оның деректемелерін біліп қойды деп ойласаңыз, бірден банкке жүгініп, оны бұғаттаңыз.
- Интернет-банкке бөгде компьютерлерден немесе қорғалмаған желілер арқылы кірмеңіз. Егер мұндай жағдай орын алса, интернет-банктен шығуға және браузер кэшін өшіруге ұмытып кетпеңіз.