Таксимен сапарлар кезінде Яндекс.Плюстегі кешбэк қалай істейді
Яндекс.Плюс жазылымы жазылушыларға сапар құнының 10%-ын кешбэк ұпайлары түрінде қайтарады.
Екі пайдаланушының (жазылымы бар және жоқ) сапар бағасы бірдей болады. Ол былайша істейді. Мысалы, Арманда жазылым жоқ. Ол машина шақыртып, сапар үшін 1000 ₽ төлейді. Ал Абайда жазылым бар, ол дәл осы мекенжайлар бойынша дәл осы 1000 ₽ сомаға машина шақыртады, бірақ ол сапар үшін 900 ₽ және Плюстің кеңейтілген жазылымы үшін 100 ₽ төлейді. Чекте ол дәл осылай көрсетіледі. Нәтижесінде, Арман да, Абай да бірдей ақша төлейді, бірақ сапа соңында Абайдың Плюстегі шотында +100 кешбэк ұпайы пайда болады, ал Арманда олай болмайды.
Әрине, екі адамда сапар құны соңғы рубльге дейін бірдей болатындай жағдай мінсіз дүниеде кездесуі мүмкін, себебі шынайы өмірде жол қозғалысы мен бос көліктердің саны секундына бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Бірақ жұмыс реті жоғарыда аталғандай болып келеді, және Плюсті пайдаланушы сапар үшін ақыр соңында артық 10% төлемейді.