Сіз «Яндекс» қосымшасының Анықтамасын оқып отырсыз.
Android-қа арналған «Яндекс Старт» қосымшасының анықтамасы →

Мәселелерді шешу

Алиса мені естімейді

Құрылғы баптауларынан «Яндекс» қосымшасының микрофонға қолжетімділігі бар екенін тексеріңіз.

Алиса жауап бермейді

Сұрақтарға жауап беру үшін Алисаға интернетке тұрақты кіру қажет. Қосылысыңызды тексеріп, «Яндекс» қосымшасын қайта іске қосыңыз және қайта сұрап көріңіз. Егер қате өзгермесе, кері байланыс нысаны арқылы бізге жазыңыз.

Алиса жауаптарды дыбыстамайды

Алиса жауаптарды дыбыстауы үшін:

  1. (профиль портреті) → Қосымша баптауларын басыңыз.
  2. Алиса бөлімінде Дыбыссыз опциясын өшіріңіз.
  1. (профиль портреті)Қосымша баптауларыАлиса батырмасын басыңыз.
  2. Дыбыссыз опциясын өшіріңіз.

Ескерту

Алиса жауаптарды сұрақ дауыстап қойылған кезде ғана дауыстап айтады. Егер сіз мәтінді қолмен терсеңіз, Алисаның жауабын да жазбаша түрде аласыз.

Алиса пәрмендерді орындамайды және мазақтайды

Алисаның екі негізгі жұмыс режимі бар:

  • қызметтік — ақпаратты табу, қосымшаны ашу, маршрут құру және т. б.
  • «нейрожелілік мылжың» — пайдаланушы берген тақырыпқа әңгімелесу.

Әдетте, Алиса «Әңгімелесейік» пәрменінен кейін «нейрожелілік мылжың» режимін қосады. Алайда, ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Егер Алиса пәрмендер орындаудың орнына жай мылжыңдай берсе, «Жетеді», «Аяқта», «Орал» немесе «Шық» деп айтыңыз.

Мазмұнға өту
Қолдау қызметіне жазу