Төлем картасын қосу немесе өшіру жолдары

Төлем картасымен төлеу iOS (нұсқасы 8.0 және одан жоғары) және Android (нұсқасы 4.0 және одан жоғары) жүйесіне арналған қолданба арқылы тапсырыс бергенде әрекет етеді.

Төлем картасын қалай қосу керек

Сіз қолданбаға 5 банк картасына дейін тіркей аласыз:

  1. Қолданба мәзірін → Төлем тәсілдерін ашыңыз және Төлем картасын тіркеу (немесе Төлем картасын қосу) батырмасын басыңыз.
  2. Төлем картасының нөмірін, әрекет ету мерзімі мен CVV кодын көрсетіңіз. Төлем картасының нөмірін қолмен енгізуге немесе смартфон камерасының көмегімен сканерлеуге болады.

Төлем картасының түріне, банк-эмитент және басқа шарттарға байланысты төлем картасын тексеру келесі тәсілдердің бірімен орындалады:

  1. Төлем картасының шотынан аздаған сома ұсталынады. Ұсталынған қаражат шегерілмейді және тексеріс аяқталғаннан кейін қайтадан қолжетімді болады.
  2. Қолданба картада ұсталынған соманы енгізуді ұсынады. Сомасының мөлшерін смс арқылы (егер сізде банктен смс-ақпараттандыру қосылған болса) немесе сайт не банк қолданбасындағы шоттың көшірмесінен білуге болады.
  3. Банк-эмитент сайтынан төлем картасын 3-D Secure тексеруге сұраныс келеді. Растау тәсілі сіздің банкке байланысты. Тексерістен кейін сіз қолданбаға ораласыз.

Төлем картасын қалай өшіруге болады

  1. Қолданба мәзірі  → Төлем тәсілдерін ашыңыз.
  2. Төлем картасын таңдаңыз және Картаны өшіру батырмасын басыңыз.