Аккаунтты қосу, ауыстыру немесе өшіру жолдары

Аккаунт — бұл телефон нөміріне тіркелген қолданбадағы баптаулар жиынтығы. Сіз бірнеше аккаунт жасап, олардың арасында, мысалы саяхаттау кезінде, ауысып отыра аласыз. Әрбір аккаунт үшін әр түрлі төлем құралдарын және промокодтарды пайдалануға, бірегей мекенжайларды көрсетуге және т.б. болады.

Бірінші аккаунт қолданбаны пайдалана бастағанда телефон нөмірін растау кезінде жасалады.

Жаңа аккаунтты қалай қосу керек (Android және iOS жүйелері үшін)

  1. Қолданба мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Аккаунтты оңға немесе солға жылжытыңыз, Басқа аккаунтты таңдау батырмасын басыңыз.
  4. Телефон нөмірін көрсетіңіз және Әрі қарай батырмасын басыңыз — бұл нөмірге растау коды көрсетілген хабарлама келеді.
  5. Кодты енгізіңіз және Дайын (немесе Әрі қарай) батырмасын басыңыз — аккаунты белсенді болады.

Аккаунтты қалай ауыстыруға болады (Android және iOS жүйелері үшін)

  1. Қолданба мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Аккаунтты оңға немесе солға жылжытыңыз, басқасын таңдаңыз және Әрі қарай (немесе Жалғастыру) батырмасын басыңыз.

Аккаунтты қалай жоюға болады

Android және iOS:

  1. Қолданба мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Парақшадан шығу → Аккаунтты жою (немесе Шығу) батырмасын басыңыз.
  4. Басқа аккаунтты таңдаңыз және Әрі қарай батырмасын басыңыз.

iOS:

  1. Қолданба мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз, кейін тағы да басыңыз.
  3. Аккаунт жанында басыңыз және өшіруді растаңыз.
  4. Басқа аккаунтты таңдаңыз және Әрі қарай батырмасын басыңыз.