Сервис қалай істейді

Яндекс.Лавка — бұл үй жанындағы дүкеннің жаңа форматы. Лавкаға барудың қажеті жоқ, ал жеткізу уақыты тапсырысты ресімдегеннен кейін 15 минуттан аспайды. Және бұл уақыт күннен күнге қысқаруда.

Тапсырысты сайт және iOS немесе Android жүйелеріне арналған қолданба арқылы жасауға болады.

Яндекс.Лавка арқылы азық-түлік дүкенінен табуға болатын нәрсенің барлығы сатылады: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, нан, пісірілген нан өнімдері, ет, шұжық, жармалар, су, балмұздақ және әрі қарай тізім бойынша. Оған қоса дайын тағам, үйге арналған нәрселер, батарейкалар, телефонға арналған қуаттандырғыштар, қолшатырлар бар.

Яндекс.Лавка — Мәскеудің бірнеше ауданында қолжетімді эксперименттік жоба. Әр ай сайын бірнеше жаңа орын ашылады. Сізге Лавка келе ме, жоқ па екендігін білу үшін жеткізу мекенжайын енгізіңіз.