Аккаунттарды қорғау
Алдымен құрылғыңыз вирустардан қорғаулы екендігіне көз жеткізіңіз. Осыдан кейін Яндекс ID арқылы кіріп, мына қадамдарды орындаңыз:
- Пошта жәшіктері және телефон нөмірлері бөлімінен барлық бөтен нөмірлерді өшіріңіз және аккаунтқа өз телефон нөміріңізді тіркеңіз.
- Кіру журналы және құрылғылар бөлімінен бөтен құрылғыларды ажыратып, таныс емес бағдарламаларды өшіріп тастаңыз және өзіңіз жасамаған әрекеттерге Бұл мен емес деген белгі қойыңыз.
- Құпиясөздер мен авторизация бөлімінде құпиясөзді ауыстырыңыз және қосфакторлы авторизацияны баптаңыз.
Қауіпсіздік және сенімді құпиясөздер туралы толығырақ Яндекс ID Анықтамасынан оқуға болады.