Рейтингті қалай ұстауға және арттыруға болады

Пайдаланушы көретін жалпы рейтингте мыналар ескеріледі:

  • пайдаланушылардың бағалары — егер тапсырыс дұрыс жиналған болса, тағам сапалы болса және сіздің курьеріңіз жеткізуді кешіктірмей орындаса, баға жоғары болады;
  • мейрамхана тарапынан тоқтатылған тапсырыстар — бас тарту саны аз болса, рейтинг жоғары болады.

Тапсырыстан бас тарту туралы толығырақ мына мақалада: Тапсырыстардан бас тарту.

Рейтингті қалай ұстап тұруға болады

Егер сіздің рейтинг жоғары болса және сіз бәрін дұрыс жасап жатсаңыз, нәтижені ұстап тұру ғана қалады.

Кейде бәрін бақылап отыру қиын болады, сондықтан тексеру парағын пайдалануға кеңес береміз. Оны аптасына бір рет тексеріп, пайдаланушылардың пікірлері мен бағаларына ерекше назар аударып отырыңыз. Кейде бағалар оң болса да, жұмыс істеуді қажет ететін пікірлерді табуға болады.

Әзірлеу жылдамдығы

Егер сервистегі тапсырыстар үнемі қызыл түспен жана берсе, асханаға жүктемені қарастырып, қатты қиналған жағдайда бас тарту болмас үшін мейрамхананы үзіліске қойыңыз.

Қаптау жылдамдығы

Егер, кейді сіз ыстық тағамды қаптап үлгере алмай жатсаңыз, тапсырыстарды әзірлеу мен жинақтау арасындағы уақытты мүмкіндігінше қысқартыңыз. Алдыңғысын қаптап болғанша келесі тағамды әзірлеуді бастамаңыз.

Мейрамхана курьерлерінің жеткізу жылдамдығы

Егер осы аптада кешігулер болса, курьерлерден неге олай болғанын сұрап біліңіз. Олар сізге жұмысты қалай жылдамдату керектігін айтуы мүмкін: мысалы, 3 не одан көп мекенжайға бірден тапсырыс алмау немесе автокөлік жанармайын алдын ала құйып алу.

Мәзірдің өзектілігі

Ашылар алдында барлық ингредиенттер жететінін және барлық тағамдарды әзірлей алатыныңызды тексеріп алыңыз. Егер кемшілік табылса, стоп-парақты жаңартып, кейін жұмыс күнін бастаңыз.

Қызметкерлер саны және олардың жүктемесі

Егер қызметкерлер жетіспей жатса, жүктемесі ең көп ауысымдарды нығайтыңыз: бұл әсіресе 18:00-ден 21:00-ге дейінгі кешкі уақыт және 12:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі уақыт.

Рейтингті қалай көтеруге болады

Егер сіздің рейтингіңіз төмендесе, пайдаланушылардың пікірлеріне назар аударыңыз. Қандай да бір шағым бірнеше пікірде қайталанып отырған шығар, солардың себебін табыңыз. Бір сапалы орындалған тапсырыс тіпті төмен рейтингті де жоғары көтере алады.

Міне, бірнеше ұсыныс. Егер мыналарға шағымданып жатса:

Тағамның дәмі немесе сапасы

Тағамдардың құрамы мен пайдаланушылардың пікірлерін тексеріңіз. Мүмкін, тағамдардың біріне шағым жиі түсіп жатқан болар және оны әзірлеу үрдісін немесе жабдықтаушылар құрамын қайта қарастырып алу керек шығар.

Мейрамхана курьерлерінің жеткізу жылдамдығы

Курьерлердің қай уақыт аралығында жиі кешігетінін қараңыз. Жеткізу аймақтары бөлімі арқылы жеткізу уақытын ұлғайтуға, радиусты қысқартуға болады немесе көбірек курьер қосыңыз.

Қаптамаға қатысты мәселелер

Әр тапсырыста контейнердің қатты жабық екенін, пакет байланған немесе желімделген екендігін тексеріп алыңыз.

Тапсырыстарды жинақтау кезіндегі қателер

Тапсырысты курьерге тапсырардың алдында оның ақырғы құрамын сервиспен салыстырып алыңыз. Тапсырысқа қажетті аспаптар санын салуды және пайдаланушылардың пікірлерін ескеріп отыруды ұмытпаңыз.

Тапсырыс ұзақ әзірленеді

Әзірлеу уақыты бөлімінде әзірлеу уақытын ұлғайтыңыз. Жүктеме тым асып кеткен кезде мейрамхананы үзіліске қойып, жиналып қалған тапсырыстарды асықпай реттеп алыңыз.

Мейрамхана курьерлеріне шағымдар

Егер сіз тапсырыстарды мейрамхана курьерлерінің күшімен жеткізіп жүрсеңіз, олардың жұмыс сапасын мұқият бақылап отырыңыз. Бұл пайдаланушылар сізге қайта тапсырыс беру туралы шешімді қабылдау үшін маңызды параметрлердің бірі.

Тағам температурасы жарамсыз

Ыстық тағамдар мен сусындарды арнайы қаптамаға ораңыз, ол жеткізу кезінде жылуын жоғалтпауы керек және оларды қосымша термопакетке ораңыз. Егер тапсырысты мейрамхана курьерлері жеткізетін болса, оларға арнайы термосөмкелер беріңіз.

Назар аударыңыз

Егер мейрамхана бағаларының рейтингі Яндекс Еданың серіктес курьерлері жеткізген жағдайда 3.8 ұпай деңгейіне дейін төмендесе немесе мейрамхана курьерлері жеткізген жағдайда 3.6 ұпай деңгейіне дейін төмендесе, біз мәселе шешілгенге дейін қызметтестікті тоқтатуға құқылымыз.

Тапсырыстан бас тартпау үшін не істеу керек

Егер тапсырыстан бас тарту бола берсе, себептерін талдаңыз:

Жүктеме жоғары, демалыс күндері, іс-шара немесе ТЖ

Тапсырысты уақытша қабылдай алмайтын болсаңыз, мейрамханаларды Мейрамханалар немесе Тапсырыстар бөлімі арқылы үзіліске қойыңыз. Осылайша, сізде қабылданған тапсырыстарды әзірлеп болуға және пайдаланушылардың ілтипаты мен табысты жоғалтпауға мүмкіндік пайда болады.

Біз сізге қоңырау шала алмадық

Мейрамханалар бөлімінде мейрамхана контактілерін тексеріңіз немесе жаңаларын қосыңыз.

Тағам жоқ

Тапсырысты қабылдар алдында оның құрамын тексеріп алыңыз және мейрамхананың стоп-парағын жиі жаңартып отырыңыз. Егер тапсырысты қабылдағаннан кейін оны толық әзірлей алмайтын болсаңыз — пайдаланушыға қоңырау шалып, тапсырыс құрамын өзгертуді ұсыныңыз.

Жұмыс кестесінде көрсетілген уақыттан бұрын жабылды

Кестені жаңартыңыз және тапсырыс қабылдауға дайын болатын нақты уақытты көрсетіңіз. Курьер тапсырысты алып кететін уақытты да көрсетіңіз.

Мейрамханадағы техникалық мәселелер

Жұмыс күні басталған кезде тапсырыстармен жұмыс істейтін құрылғыларыңыз істеп тұрғанын және мекеменің әр нүктесінде интернет жақсы ұстап тұрғанын тексеріп алыңыз. Ескі құрылғыларды қолданбаған абзал, себебі қолданба ондай құрылғыларда баяу істеуі мүмкін. Егер бәрі дұрыс болса, ал техникалық мәселелер шешілмей жатса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Курьер кешігіп келді

Жеткізу уақытын ұлғайтыңыз немесе жеткізу аймағының радиусын қысқартыңыз. Егер жеткізуге ас әзірлеп үлгере алмай жатсаңыз, әзірлеу уақытын белгілі бір кезеңге ұлғайтып қоюға кеңес береміз.

Тапсырыс дұрыс жиналмаған

Қосымшадағы тапсырыстың позициялары жиналған тапсырыспен сай келе ме, жоқ па екендігін оны курьерге берер алдында тексеріп алыңыз. Пайдаланушылардың тапсырысқа қалдырған түсініктемелерін ескеріп, қажет болса аспаптар салыңыз.

Тапсырыс жеткізілген жоқ

Тапсырысты растау алдында жеткізуді келісіп алу үшін пайдаланушыға қоңырау шалыңыз. Егер қоңырау шала алмасаңыз, қолдау қызметіне хабарласыңыз. Тапсырыстарды уақытылы жеткізіп үлгере алмай жатсаңыз, жеткізу уақытын ұлғайтыңыз немесе жеткізу аймағының радиусын қысқартыңыз.

Тапсырысты уақытынан бұрын әзірлеп, мерзімінен бұрын жеткізді

Жеткізу аймақтары бөлімінде жеткізу уақытын азайтыңыз. Егер тапсырысты алдын ала жеткізгіңіз келсе, ол туралы пайдаланушымен міндетті түрде келісіп алыңыз.

Назар аударыңыз

Егер тапсырыстан бас тарту бойынша мейрамхана рейтингі 1.0 деңгейіне дейін төмендеп кетсе, біз қызметтестікті мәселе шешілгенге дейін тоқтатуға құқылымыз.