---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.6
alternate:
  - https://yandex.com/support/eda-vendor-kz/kk/orders/min-problems.md
  - https://yandex.com/support/eda-vendor-kz/ru/orders/min-problems.md
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com/support/eda-vendor-kz/kk/llms.txt

# Тапсырыстарға қатысты мәселелерді қалай азайтуға болады?

Мейрамхана пайдаланушылар күткендегідей жұмыс істесе, олардың тапсырысқа көңілі толады, ал сіздің бізбен қызметтестікке көңіліңіз толады.

**Қалай сапалырақ жұмыс істеуге болады?**

- Тапсырысты қабылдамас бұрын оның құрамын тексеріп алыңыз
- Күні бойы мейрамхананың актуал стоп-лисін ұстаныңыз
- Неғұрлым көп тапсырыс жасалатын тағамдарды қадағалаңыз
- Жұмыс кестесін, асханаға түсетін жүктемені, залды және курьерлерді қадағалаңыз

Бұл тапсырыс құрамына өзгерістер енгізуге тура келетін немесе бас тартуға байланысты табыстан айырылатын жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.


## Дайындап үлгермей жатсаңыз, не істеу керек? {#no-delivery}

Тапсырысты дайындап үлгере алмай жатсаңыз, **жоғары жүктеме режимін** қосыңыз.

**Мұның арқасында**

- Сіз дайындау уақытын арттырып, тапсырысты сақтап қала аласыз
- Курьерлер уақытында келеді
- Пайдаланушылар нақты дайындау уақытын көріп отырады

**Тапсырыстар бөлімінде жоғары жүктемені қосу:**

1. [Тапсырыстар](https://vendor.yandex.ru/active) бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз
    
    ![](../_assets/hight-load-8.png)

1. Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → **Қосу**. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады
    
    ![](../_assets/hight-load-9.png)


**Мейрамханаларым бөлімінде жоғары жүктемені қосу:**

1. [Мейрамханаларым](https://vendor.yandex.ru/places) бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз
    
    ![](../_assets/hight-load-10.png){.border-yes}

1. Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → **Қосу**. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады
    
    ![](../_assets/hight-load-11.png)



{% note alert %}

Егер мейрамханадағы орташа дайындау уақыты 70 минут болса, жоғары жүктеме режимін қосу мүмкін болмайды.

{% endnote %}


Режим тек жоғары жүктеме кезінде қабылданған тапсырыстарға қолданылады. Найзағай белгісін басып, оны жоғарыдағы нұсқау бойынша ұзартуыңызға немесе әдеттегі дайындау уақытына оралуыңызға болады → **Өшіру**.

![](../_assets/hight-load-12.png){.border-yes}
![](../_assets/hight-load-13.png)

Егер уақытша тапсырыс қабылдай алмасаңыз, **мейрамхананы кідіріске қойыңыз**.

1. [Мейрамханаларым](https://vendor.yandex.ru/places) бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдаңыз → **Өшіру**
    
    ![](../_assets/hight-load-14.png){.border-yes}

1. Өшіру себебін және мейрамхана тапсырыс беруге қолжетімді болмайтын уақытты таңдаңыз да, **Уақытша тоқтату** түймесін басыңыз – көрсетілген уақыт өткеннен кейін, мейрамхана автоматты түрде қосылады
    


{% note alert %}

Табыстан айырылмау үшін мейрамхананы тек шынымен қажет болған кезде ғана өшіріңіз.

{% endnote %}

<!-- source: kk/_includes/border-style.md -->

<!-- endsource: kk/_includes/border-style.md -->
