Тапсырыстарға қатысты мәселелерді қалай азайтуға болады?
Мейрамхана пайдаланушылар күткендегідей жұмыс істесе, олардың тапсырысқа көңілі толады, ал сіздің бізбен қызметтестікке көңіліңіз толады.
Қалай сапалырақ жұмыс істеуге болады?
- Тапсырысты қабылдамас бұрын оның құрамын тексеріп алыңыз
- Күні бойы мейрамхананың актуал стоп-лисін ұстаныңыз
- Неғұрлым көп тапсырыс жасалатын тағамдарды қадағалаңыз
- Жұмыс кестесін, асханаға түсетін жүктемені, залды және курьерлерді қадағалаңыз
Бұл тапсырыс құрамына өзгерістер енгізуге тура келетін немесе бас тартуға байланысты табыстан айырылатын жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Дайындап үлгермей жатсаңыз, не істеу керек?
Тапсырысты дайындап үлгере алмай жатсаңыз, жоғары жүктеме режимін қосыңыз.
Мұның арқасында
- Сіз дайындау уақытын арттырып, тапсырысты сақтап қала аласыз
- Курьерлер уақытында келеді
- Пайдаланушылар нақты дайындау уақытын көріп отырады
Тапсырыстар бөлімінде жоғары жүктемені қосу:
-
Тапсырыстар бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз

-
Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → Қосу. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады

Мейрамханаларым бөлімінде жоғары жүктемені қосу:
-
Мейрамханаларым бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз

-
Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → Қосу. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады

Назар аударыңыз
Егер мейрамханадағы орташа дайындау уақыты 70 минут болса, жоғары жүктеме режимін қосу мүмкін болмайды.
Режим тек жоғары жүктеме кезінде қабылданған тапсырыстарға қолданылады. Найзағай белгісін басып, оны жоғарыдағы нұсқау бойынша ұзартуыңызға немесе әдеттегі дайындау уақытына оралуыңызға болады → Өшіру.


Егер уақытша тапсырыс қабылдай алмасаңыз, мейрамхананы кідіріске қойыңыз.
-
Мейрамханаларым бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдаңыз → Өшіру

-
Өшіру себебін және мейрамхана тапсырыс беруге қолжетімді болмайтын уақытты таңдаңыз да, Уақытша тоқтату түймесін басыңыз – көрсетілген уақыт өткеннен кейін, мейрамхана автоматты түрде қосылады
Назар аударыңыз
Табыстан айырылмау үшін мейрамхананы тек шынымен қажет болған кезде ғана өшіріңіз.