Курьерді қалай бақылап отыра аламын
Курьердің келе жатқан жерін карта арқылы белсенді тапсырыс парақшасынан қарауға болады. Курьердің қозғалысы көрсетілген карта оны тапсырысқа тағайындағаннан кейін ашылады. Әдетте бұл мейрамхана тапсырысты әзірлеп болар кезде пайда болады — бұл сәтке дейін тапсырыс карточкасында Курьерді іздеудеміз деп жазылып тұрады.

Курьерді тапсырысқа тағайындаған кезде карта ашылады. Оны ашып жаю үшін Картаны көрсету батырмасын басыңыз.

Курьердің бейнесі көрсетілген сары түсті шеңбер оның тұрған жерін көрсетеді.

Кейде курьердің қазір қайда екенін түсіну қиын, себебі ол метроға түскен болуы мүмкін немесе онда интернет істемей тұруы мүмкін. Бұл жағдайда картада мынадай хабарлама пайда болады:
Курьер тағайындалды және мейрамханаға бара жатыр, бірақ әзірше біз оның тұрған жерін анықтай алмай жатырмыз.
Байланыс күйі жақсарған кезде сіз курьердің тұрған жерін қарай аласыз.
