Тапсырыс құрамын қалай өзгертуге болады

Егер бәрін әзірлеп үлгере алмай жатсаңыз:

  1. Шарттарынrdf:RDF<cc:Work rdf:about="">dc:formatimage/svg+xml</dc:format><dc:type rdf:resource="http://purl.org/dc/dcmitype/StillImage"/>dc:titledots</dc:title></cc:Work></rdf:RDF><sodipodi:namedview pagecolor="#ffffff" bordercolor="#666666" borderopacity="1" objecttolerance="10" gridtolerance="10" guidetolerance="10" inkscape:pageopacity="0" inkscape:pageshadow="2" inkscape:window-width="1920" inkscape:window-height="1017" id="rnd-1847ccf2__namedview12" showgrid="false" inkscape:zoom="14.75" inkscape:cx="1.986514" inkscape:cy="8.3798665" inkscape:window-x="1912" inkscape:window-y="-8" inkscape:window-maximized="1" inkscape:current-layer="svg10"/>dotsCreated with Sketch.алмай жатқан позицияның жанындағы → Өзгерту батырмасын басыңыз

  2. Пайдаланушыға қоңырау шалып, осы өзгерістерге келісімін алыңыз немесе тапсырыстан бас тарту керек

  3. Тапсырысқа өзгерістер енгізіңіз:

    Егер пайдаланушы тағамды алып тастағысы келсе, позицияның жанындағы минус таңбасына басыңыз — өшіру туралы хабарлама көрсетіледі → Сақтау.

    Егер пайдаланушы тағамды алмастыруға келіссе, позицияның жанындағы мину таңбасын басыңыз — сіздің мәзірдегі тағамдар тізімі ашылады. Пайдаланушымен келісілген позицияны таңдаңыз → Сақтау.

    Егер жаңа тағам алдыңғысынан қымбаттау болса, қосымша төлем кімнің есебінен болатындығын таңдаңыз:

    • Егер пайдаланушы жетіспей тұрған соманы төлеуге келіссе, онда Клиент төлейді тармағын таңдаңыз

    • Егер пайдаланушы келіспесе — оған алмастыру үшін басқа тағам таңдауды ұсыныңыз немесе мейрамхана есебінен төлеу үшін Мейрамхана төлейді тармағын таңдаңыз

    • Егер пайдаланушы тапсырыстан бас тартса, онда Тапсырыстан бас тарту батырмасын басыңыз
  4. Пайдаланушыға өзгерістермен келісу қажет болатын хабарлама келетінін ескертіңіз. Егер пайдаланушы өзгерістерді 5 минут ішінде растамаса, біз тапсырысты тоқтатамыз

Егер сіз тапсырыстан бас тартпаған болсаңыз, оны барлық өзгертулерді ескере отырып әзірлеңіз.

Ескерту

Егер пайдаланушы тапсырысты өзгертуге келіссе, бірақ кейін шешімін өзгертсе, біз сізден комиссия алмаймыз.

Пайдаланушымен диалогты қалай жүргізу керек

Пайдаланушыға мына жағдайларда қоңырау шалу керек:

  • егер тапсырыстың бір бөлігін әзірлей алмайтын болсаңыз;
  • егер тапсырысқа түсініктемені ескеру мүмкін болмаса.

Пайдаланушыға кем дегенде 3 рет қоңырау шалып көріңіз. Егер оған тікелей хабарласа алмасаңыз, онда қолдау қызметіне қоңырау шалыңыз — сізге тапсырысты келісуге немесе тапсырыстан бас тартуға көмектеседі.

Назар аударыңыз

Пайдаланушының келісімінсіз тапсырысқа өзгерістер енгізуге болмайды. Егер мұндай жағдай орын алса және пайдаланушы шағымданатын болса, мейрамханаға ақшаны қайтаруға тура келеді.

Пайдаланушымен сөйлесу кезінде мынадай диалог жоспарына сүйенуге болады:

- Сәлеметсіз бе, бұл [атауы] мейрамханасы. Сіз Яндекс Еда сайты арқылы тапсырыс қалдырыпсыз: [1-позиция], [2-позиция], [3-позиция]. Бәрі дұрыс па?
- Иә.
- Өкінішке қарай, біз сіздің тапсырысыңыздан [2-позицияны] әзірлей алмаймыз. Біз оны мәзірден кез келген басқа тағамға ауыстыра аламыз немесе тапсырыстан алып тастай аламыз.

Егер пайдаланушы тағамды ауыстыруға келіссе

- [2-позицияны] қай тағамға ауыстырғыңыз келетінін айта аласыз ба? Біз сізге, мысалы, [4-позиция], [5-позиция], [6-позиция], ... ұсына аламыз.
- [4-позиция].

Егер жаңа позиция алдыңғыға қарағанда қымбатырақ болса:

- Өте жақсы, біз тапсырысқа өзгерістер енгіземіз. Осы әңгімеден кейін қосымша арқылы сізден өзгерістермен келісуді сұрайды — соны жасауға ұмытпаңыз. Сау болыңыз!

Егер жаңа позиция алдыңғыға қарағанда арзанырақ болса:

- Өте жақсы, біз тапсырысқа өзгерістер енгіземіз. Бағасындағы айырмашылық жақын арада картаңызға қайтарылады. Осы әңгімеден кейін қосымша арқылы сізден өзгерістермен келісуді сұрайды — соны жасауға ұмытпаңыз. Сау болыңыз!

Егер пайдаланушы тағамды алып тастауға келіссе

- Өте жақсы, біз тапсырысқа өзгерістер енгіземіз. Енді сіздің тапсырысыңыз: [1-позиция] және [3-позиция]. Алып тастаған позицияның құны сіздің картаңызға жақын арада оралады. Осы әңгімеден кейін қосымша арқылы сізден өзгерістермен келісуді сұрайды — соны жасауға ұмытпаңыз. Сау болыңыз!

Егер пайдаланушы тапсырысты өзгертуге келіспесе

- Мұндай жағдайда, бізге тапсырысты тоқтатуға тура келеді. Сау болыңыз!

Не өзгерді

Енді сізге мына жағдайларда пайдаланушымен тікелей хабарласу қажет болады:

  • егер тапсырыстың бір бөлігін әзірлей алмайтын болсаңыз;
  • егер тапсырысқа түсініктемені ескеру мүмкін болмаса.

Бұл сізге мәселелері бар тапсырыстармен тезірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді – сізге бұрынғыша қолдау қызметіне хабарласып, оператор бәрін келіскенше күтудің қажеті болмайды.

Пайдаланушымен сөйлескеннен кейін тапсырыс құрамына өзгерістер енгізу қажет болады. Өзгерістерді тапсырыс расталғанға дейін және кейін енгізуге болады. Өңдеуді бастағанда, бәрін өзгертуге және сақтауға 15 минут уақыт болады. Бұл ретте, осы тапсырыс үшін есептелген әзірлеу уақыты үзіліске қойылады.

Тапсырыс құны өзгерсе не істеу керек

Егер пайдаланушы сіз әзірлей алмайтын тағамды ауыстыруға келіссе — жаңа және алдыңғы позицияның құны әртүрлі болуы мүмкін.

Егер жаңа тағам бұрынғыға қарағанда қымбатырақ болса

Төлем кімнің есебінен жүргізілетінін таңдаңыз:

  • егер пайдаланушы жетіспейтін соманы төлеуге келіссе Клиент төлейді опциясын таңдаңыз;
  • егер пайдаланушы келіспесе, оған алмастыру үшін басқа тағамды таңдауды ұсыныңыз немесе Мейрамхана төлейді нұсқасын таңдаңыз — біз комиссияны пайдаланушы төлеген сомадан ғана аламыз.

Егер жаңа тағам бұрынғыға қарағанда арзан болса

Біз пайдаланушыға айырымды қайтарамыз және комиссияны тапсырыстың қорытынды құнын ескере отырып аламыз.

Егер пайдаланушы тапсырысқа жаңа позиция қосуды сұраса не істеу керек

Егер пайдаланушы мейрамханаға тікелей қоңырау шалып, тапсырысқа жаңа позиция қосуды сұраса, тапсырыстың құрамын өзгертудің стандартты үрдісін қолданыңыз — тапсырысқа жаңа тағамды қосып, қосымша ақы кімнің есебінен болатынын келісіңіз.