Біз пайдаланушыға ақшаны қай кезде қайтарамыз
Ескерту
Яндекс Еда мен Delivery Club ерекшеліктері:
Қатесі бар тапсырыстар үшін шегерімдер төменде сипатталғандай жүргізіледі.
Қатесі бар тапсырыстар үшін шегерімдер әзірше жүргізілмейді. Сізде дайындалуға және кемшіліктерді түзетуге уақыт болады — шегерімдерді енгізу мерзімдері туралы қосымша айтамыз.
Қатесі бар тапсырыстар үшін шегерімдер төменде сипатталғандай жүргізіледі.
Біз өз қамқорлығымызды іспен көрсетуге талпынамыз — бұл пайдаланушылардың ілтипатын арттыруға көмектеседі. Ақша қайтарымы бойынша әрбір жағдайды біз жағдайдың барлық мән-жайын ескеру үшін жеке жеке қарастырамыз.
Қандай қайтарымдар мейрамхана жауапкершілігіне өтуі мүмкін және неліктен?
-
Егер тапсырыста бірнәрсе дұрыс болмаса, пайдаланушылардың ақшасы ішінара немесе толық қайтарылады — бұл сервис пен мейрамханаға деген ілтипатты сақтауға көмектеседі. Кейде мұндай тапсырыстарды біз өтейміз, бірақ егер қате мейрамхана тарапынан болса — қайтарым оның есебінен жүреді.
Мейрамхана пайдаланушыға ақшаны қай кезде қайтарады:
- Тапсырыста басқа тағам, бөгде заттар болса немесе бірнәрсе жетіспесе
- Мейрамхана тапсырыстан бас тартса
- Мейрамхана курьері кешігіп жеткізсе
Қайтарым үшін немесе тапсырыстан бас тартқан үшін мейрамханадан ақша қалай ұсталынады?
-
Шағым түріне қарай ақша пайдаланушыға ішінара немесе толық қайтарылуы мүмкін. Егер мәселе жекелеген тағамдарға немесе қоспаларға қатысты болса, тек солар ғана өтеледі. Егер тапсырыста түгелдей бірнәрсе дұрыс болмаса — ақша толық қайтарылады.
Расталған тапсырыстан бас тартқан жағдайда біз тапсырыс үшін комиссияны осы тапсырыс бастапқыда ресімделген сомадан шегереміз. Яғни, ол орындалған деп есептелінеді.
Қайтарымдар мен бас тартулар санын қалай азайтуға болады?
- Тағамның барлық ингредиенттері мен қоспаларын тексеріңіз
- Тағам ішінде бөгде заттардың жоқ екеніне көз жеткізіп алыңыз
- Ештеңені ұмытпау үшін тапсырысты тізім бойынша жинақтаңыз
- Пайдаланушының тапсырысқа берген түсініктемелеріне назар аударыңыз
- Мейрамхана курьері жеткізген жағдайда тапсырыс уақытылы және бүтін күйінде жеткізілуі тиіс
- Мейрамхананың стоп-парағын өзекті күйде ұстап отырыңыз
- Жұмыс кестесін және асхана, зал мен курьерлердің жүктемесін қадағалап отырыңыз
- Ара-тұра мейрамханамен хабарласуға арналған телефондардың дұрыс жазылғанын тексеріп отырыңыз
Өз көрсеткіштеріңіз бойынша маманнан консультация алу үшін форманы толтырыңыз.
Дау жасап, апелляцияны қалай беруге болады?
- Егер сіз есептегі тапсырыспен келіспесеңіз, онда Тапсырыс үшін шегерімге апелляция беру тармағын таңдап, форманы толтырыңыз. Апелляциялық шағым беру үшін есепті алғаннан кейін сізде 14 күн болады.
Яндекс Еда шағымдарды қалай тексереді?
- Тапсырыстар бойынша жалған шағымдарды алып тастау үшін біз профильдерді және олардың авторларының белсенділігін арнайы алгоритмдердің көмегімен тексереміз. Сондай-ақ, біз жеткізу кезінде бірнәрсесі дұрыс болмаған курьерлермен қате бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырамыз — бұл осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін септігін тигізеді.
Шегерім болған тапсырыстарды қайдан қарауға болады?
-
Бір айлық және бір апталық есептерде мейрамхана қателігінен пайдаланушыларға өтелген тапсырыстар тізімі көрсетілген бөлек қойынды пайда болады.
Бухгалтерлік құжаттарда пайдаланушыларға жасалған қайтарымдар Тапсырманы орындау туралы есепте бөлек тармақпен көрсетілген. Қайтарымдар бойынша толық деректерді осы құжатқа қосымшадан қарауға болады.
Мейрамхана кінәсінен тоқтатылған тапсырыстар үшін комиссия комиссиясы көрсетілген жалпы тармақта көрсетіледі.