Рейтинг төмендеп жатса не істеу керек
1-қадам. Талдау жүргізіңіз
- Пайдаланушылардың пікірлеріне назар аударыңыз. Қандай да бір шағым бірнеше пікірде қайталана ма, жоқ па екендігін қараңыз және оның себебін анықтаңыз.
2-қадам. Қателерді түзетіңіз
- Төменде біз туындауы мүмкін мәселелер мен оларға қатысты кеңестерді ұсындық, олар сізге жеткізу жұмысын түзетуге көмектеседі.
3-қадам. Жаңа пікірлерді бақылап отырыңыз.
- Жаңа пікірлер пайдаланушылардан кері байланыс алуға көмектеседі — егер теріс бағалар саны қысқарған болса, сол бағытта дамыта беріңіз.
Міне, бірнеше ұсыныс. Егер мыналарға шағымданып жатса:
-
Тағамның дәмі немесе сапасы
Тағамдардың құрамы мен пайдаланушылардың пікірлерін тексеріңіз. Қандай да бір тағамға шағым жиі түсетін шығар және оның рецептурасын, ингредиенттері мен жабдықтаушыларды тексеру қажет шығар.
-
Мейрамхана курьерлерінің жеткізу жылдамдығы
Курьерлердің жұмыс сапасын мұқият бақылаңыз. Курьерлердің қай уақыт аралығында жиі кешігетінін қараңыз. «Жеткізу аймақтары» бөлімі арқылы жеткізу уақытын ұлғайтуға, жеткізу радиусын қысқартуға немесе көбірек курьер қосуға болады.
-
Қаптамаға қатысты мәселелер
Қандай да бір тағамға шағымдар жиі түсетін болар және олардың қаптамасын тексеру қажет шығар. Әр тапсырыста контейнердің қатты жабық екенін, пакет байланған немесе желімделген екендігін тексеріп алыңыз. Ыстық тағамдар мен сусындарды арнайы қаптамаға ораңыз, ол жеткізу кезінде жылуын жоғалтпауы керек және оларды қосымша термопакетке ораңыз.
-
Тапсырыстарды жинақтау кезіндегі қателер
Пайдаланушылардың пікірлерін ескеріп, тапсырысты курьерге тапсырардың алдында құрамын тексеріп алыңыз. Тапсырысқа қажетті аспаптар санын салуды ұмытпаңыз (немесе, пайдаланушы сұрамаған болса, оларды мүлде салмаңыз).
-
Кешігіп жеткізілген тапсырыстар
Тапсырыстарды әзірлеп үлгере алмай жатсаңыз — «Әзірлеу уақыты» бөлімінде әзірлеу уақытын уақытша ұлғайтыңыз. Ал жүктеме тым жоғарылап кеткен кезде мейрамхананы үзіліске қойып, жиналып қалған тапсырыстарды әзірлеңіз.
Рейтингпен жұмыс туралы толығырақ «Мейрамхана рейтингі» парақшасында жазылған.