Тағам неліктен модерациядан өтпей жатыр

Позиция мақұлданбаған жағдайда оның жанында қызыл түсті леп белгісі пайда болады. Тағамның неліктен қабылданбағаны жайлы білу үшінrdf:RDF<cc:Work rdf:about="">dc:formatimage/svg+xml</dc:format><dc:type rdf:resource="http://purl.org/dc/dcmitype/StillImage"/>dc:titledots</dc:title></cc:Work></rdf:RDF><sodipodi:namedview pagecolor="#ffffff" bordercolor="#666666" borderopacity="1" objecttolerance="10" gridtolerance="10" guidetolerance="10" inkscape:pageopacity="0" inkscape:pageshadow="2" inkscape:window-width="1920" inkscape:window-height="1017" id="rnd-1d5c5976__namedview12" showgrid="false" inkscape:zoom="14.75" inkscape:cx="1.986514" inkscape:cy="8.3798665" inkscape:window-x="1912" inkscape:window-y="-8" inkscape:window-maximized="1" inkscape:current-layer="svg10"/>dotsCreated with Sketch.позицияның жанына басыңыз және Өңдеу батырмасын басыңыз. Тағам терезесі ашылады, онда мақұлданбау себебі көрсетіліп тұрады.

Мақұлдамау себептері:

Құрамында қандай ет немесе теңіз өнімдері барын айтып беріңіз

Тағамның сипаттамасынан оның құрамына қандай ет немесе теңіз өнімдері кіретіндігі түсінікті болуы тиіс. Мысалы: «Теңіз өнімдерінен жасалған сорпа». Құрамы: мидия, патша асшаян, маринадталған сегізаяқ, сорпа, картоп, сәбіз, тұз.

Ингредиенттерді тізімдеңіз

Кем дегенде негізгі ингредиенттерді, сондай-ақ әзірлеу немесе стандартты болмаса, оны ұсыну тәсілдерін көрсету керек. Мысалы: «Албырт қосылған поке». Құрамы: күріш, авокадо, албырт. Банан жапырағымен беріледі.

Тағамның ингредиенттері жетіспейді

Тағам атауы бойынша құрамында барлық ингредиенттер көрсетілмеген — кейде олардың болуы өте маңызды. Мысалы: «Үйрек етінен жасалған палау». Құрамы: күріш, үйрек еті, сәбіз, пияз.

Таңдауға болатын опциялар тобын немесе сұрыптамасын көрсетіңіз

Опцияларда пайдаланушы қажеттісін таңдай алатындай етіп тағамның барлық мүмкін нұсқаларын атап өтіңіз. Мысалы: «Rich шырыны». Опциялар тобы: дәмін таңдауға болады. Опциялар: апельсин, алма, ананас.

Даналар түрінде санын қосыңыз

Бір порцияға қанша дана позиция кіретіні жайлы айтып беріңіз. Мысалы: «Тауық етінен жасалған наггетстер» (5 дана).

Әзірлеу уақыты тым ұзақ

Біз тағам пайдаланушыларға әдемі және ыстық күйде келетіндей етіп тырысамыз — оны жаңа ғана әзірлеген сияқты болу керек. Сондықтан, әзірлеу уақыты ұзақ болатын тағамдарды жеткізу мәзіріне қосуға болмайды.

Біз мейрамханалардың көпшілігімен жұмыс істейтін тағам әзірлеудің максималды уақыты — 45 минутқа дейін, ал бәліш пен нан пісіру қызметіне маманданған мейрамханалар үшін — 60 минут. Сондай-ақ, мәзірге алдын ала тапсырыс берілетін тағамдарды қосуға болмайды.

Толығырақ мәзірге қойылатын талаптарда.

Өлшенетін тағамды қоса алмай жатырмыз

Өлшеніп берілетін тағамды жеткізу мәзіріне қосуға болмайды, бірақ салмағы белгіленген порциялардың бірнеше нұсқасын қосуға болады. Мысалы: «Цезарь салаты» (150 г), «Цезарь салаты» (300 г).

Толығырақ мәзірге қойылатын талаптарда.

Жеткізуге жарамайды

Бұл позиция серіктес курьерлердің көмегімен жеткізуге жарамайды.

Толығырақ мәзірге қойылатын талаптарда.

Энергетиктер мен алкоголь өнімдерін жеткізуге тыйым салынған

Сіздің қалаңыздағы заң энергетиктер мен алкоголь өнімдерін жеткізуге тыйым салады.

Түсініксіз немесе тым алдамшы атау

Біз түсініксіз немесе тым алдамшы атау қоюға рұқсат бермейміз, себебі сервисті балалар мен жасөспірімдер пайдалануы мүмкін.

Бұл науқандағы тағам — бөлек өтінім толтыру қажет

Науқан ұсыныстары үшін біз пайдаланушылардың назарын сіздің мәзірдегі жекелеген тағамдарға аударатын механиканы қолданамыз.

Өтінімді жеке кабинет → Қолдау қызметі бөлімі → Қызметтестік пен дамыту → Науқандар бөлімі арқылы толтыруға болады.

Науқандар туралы толығырақ Науқандар мақаласында.

Диаметрін немесе өлшемін көрсетіңіз

Пицца мен бәліштер үшін сипаттамасында сантиметр түріндегі өлшемін көрсету керек, біз оның серіктес курьердің сөмкесіне сыйатынын немесе сыймайтынын білуіміз керек. Дөңгелек пиццалар мен бәліштерде диаметрді өлшеңіз. Шаршы, тіктөртбұрыш немесе үшбұрышты формада — ең ұзын жағындағы ұзындығын өлшеңіз. Мысалы: «Маргарита пиццасы» (30 см).

Жиынтыққа кіретін тағамдардың атауларын тізімдеп беріңіз

Комбо, сет, ланч және басқа жиынтықтар үшін жиынтыққа кіретін позициялардың толық құрамын тізімдеп беру керек. Мысалы: «Чизкейк жиынтығы». Құрамы: лимонды чизкейк (1 дана), Нью-Йорк чизкейк (1 дана), таңқурай қосылған чизкейк (1 дана).

Жеткізу үшін жарамсыз: құрамында балмұздақ бар тағамды қоса алмаймыз

Серіктес курьерлер арқылы балмұздақ жеткізу үшін арнайы қаптама сатып алу қажет:

  • Тығыз қаптама — қақпағы бар жабық контейнер немесе пенопластан жасалған арнайы бокс
  • Қақпағы тығыз жабылу керек
  • Контейнер кем дегенде екі қабатты болу керек — егер картоннан жасалған болса

Егер сізде осындай ыдыс болса, онда rest@eda.yandex.kz поштасына жазып, ыдыстың фотосуретін хатқа тіркеп жіберіңіз. Егер ондай ыдыс болмаса, жеткізу үшін жарамды қаптама сатып алыңыз — сатып алғаннан кейін бізге фотосуретін жіберіңіз.

Жеткізу үшін жарамсыз: ыстық сусындарды қоса алмай жатырмыз

Ыстық сусын мейрамханадан жеткізу кезінде қажетті температурасын сақтап қала алмайды. Серіктес курьерлердің көмегімен ыстық сусындарды жеткізу үшін мейрамхананың жеткізу аймағының радиусы 1,2 шақырым болуы керек.

  1. Жеткізу үшін тиісті критерийлерге сай қаптама сатып алыңыз:

    • Шыныаяқ ұстағыштардың болуы
    • Ішетін тесік және саңылаулары бар қақпақтардың немесе бітелген ішер тесіктердің болуы
    • Қақпақ шыныаяққа тығыз жатуы керек
    • Шыныаяқ кем дегенде қос қабатты болу керек
  2. Егер жеткізу радиусын 1,2 шақырымға дейін азайтуға келіссеңіз, бізге rest@eda.yandex.kz поштасына жазыңыз — біз оны мейрамханадағы барлық тапсырыстар үшін өзгертеміз. Егер сізде қажетті қаптама бар болса, жауап хатта оның фотосуретін ілестіре жіберіңіз. Егер ыдыс болмаса, жеткізу үшін жарамды қаптама сатып алыңыз — сатып алғаннан кейін бізге фотосуретін жіберіңіз.

Су газдалған ба, жоқ газдалмаған ба — нақтылап беріңіз

Судың газдалған немесе газдалмағанын позицияның атауында немесе сипаттамасында көрсетуге болады. Егер екі нұсқа да қолжетімді болса — позицияға опциялар тобын қосыңыз және опцияларда «Газдалған» және «Газдалмаған» деп көрсетіңіз.

Сусын өндірушісі туралы ақпаратты нақтылаңыз

Сусынның атауынан немесе сипаттамасынан пайдаланушыға сусын қандай брендпен сатылып жатқаны түсінікті болу керек — сыртқы өндіруші ме, жоқ әлде мейрамхана өзі өндірген бе.

Тауар туралы ақпаратты толықтырыңыз

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның 26.1 бабы, 2-тармағына сәйкес, азық-түліктік емес тауарлар үшін мыналарды көрсету керек:

  • негізгі тұтынушылық қасиеттері;
  • сатушының немесе өндірушінің толық фирмалық атауы;
  • сатушының орналасқан жерінің мекенжайы;
  • өндіріс орны;
  • қызмет мерзімі;
  • жарамдылық мерзімі және егер бар болса, кепілдік мерзімі.

Мысалы: «Қағаз шыныаяқтар». Сипаттамасы: «Праздник» қағаз шыныаяқтары (6 дана). Өндіруші: Компания ЖШҚ, Ресей, Мәскеу, Көше көшесі, 1. Ресейде өндірілген. Жарамдылық мерзімі шектелмеген.