Біз мейрамханалар жұмысының сапасын қалай бақылап отырамыз
Біз үшін пайдаланушылардың өздері жасаған тапсырысқа көңілі толғаны маңызды — тағамдарды дәмді, бүтін және кешіктірмей алуы үшін қолдан келгенше тырысамыз. Сондықтан, сапа көрсеткіштерін қадағалап отырамыз. Егер олар төмендеп жатса, біз мейрамханаға жағдайды түзетуге уақыт береміз.
Ол бірнеше кезеңде жүреді:
- Ескерту — басқарушының поштасына мейрамхана сапасының төмендегені жайлы хат келеді.
- Мейрамхананы уақытша жасыру — рейтинг рұқсат етілген межеден төмендеп кетсе. Осы уақыт ішінде сіз жұмыс үрдісін қайта қарастырып, жағдайды түзете аласыз.
- Мейрамхананы ажырату — егер көрсеткіштер тым төмендеп кетсе немесе төмен болып қала берсе.
Егер мейрамхана сервистен ажыратуға келіспесе, ол салалық комиссияға өтініш жолдай алады.