Тапсырыстармен жұмыс істеу

Тапсырыстар «Тапсырыстар» бөліміне келіп түседі. Онда тапсырыстарды қабылдауға, олардан бас тартуға немесе құрамын өзгертуге болады.

Тапсырысты қалай қабылдау керек?

Тапсырыс келгенде, дыбыстық хабарландыру беріледі, ал «Тапсырыстар» бөлімі қызыл нүктемен белгіленеді.

Тапсырысты қабылдау үшін:

  1. Тапсырысты басыңыз – тапсырыс туралы ақпарат терезесі ашылады
  2. Тапсырысты қабылдау түймесін басыңыз

Ескерту

Егер тапсырыстың бір бөлігін дайындай алмасаңыз, пайдаланушының ескертуін орындай алмасаңыз немесе қажетті құралдарды сала алмайтын болсаңыз, тапсырысты қабылдамаңыз.

Толығырақ ақпаратты бейнеден көріңіз немесе «Тапсырыстар» мақаласынан оқыңыз.

Курьердің қазір қайда екенін қалай білуге болады?

Тапсырысты таңдап, Картада түймесін басыңыз – орналасқан жері көрсетілген карта шығады. Егер тапсырысқа курьер әлі тағайындалмаған болса, картаның орнына Курьер іздеп жатырмыз деген жазу шығады.

Толығырақ ақпаратты бейнеден көріңіз немесе «Курьерді қайдан бақылауға болады?» мақаласынан оқыңыз.

Тапсырыстағы тағамды дайындай алмасаңыз, не істеу керек?

Егер тапсырыстың бір бөлігін орындай алмасаңыз, оның құрамын пайдаланушымен келісе отырып өзгертуге болады. Мысалы, тағамды басқасына ауыстыруды, оны алып тастауды немесе тапсырыстан бас тартуды ұсына аласыз.

  1. rdf:RDF<cc:Work rdf:about="">dc:formatimage/svg+xml</dc:format><dc:type rdf:resource="http://purl.org/dc/dcmitype/StillImage"/>dc:titledots</dc:title></cc:Work></rdf:RDF><sodipodi:namedview pagecolor="#ffffff" bordercolor="#666666" borderopacity="1" objecttolerance="10" gridtolerance="10" guidetolerance="10" inkscape:pageopacity="0" inkscape:pageshadow="2" inkscape:window-width="1920" inkscape:window-height="1017" id="rnd-339ddfcb__namedview12" showgrid="false" inkscape:zoom="14.75" inkscape:cx="1.986514" inkscape:cy="8.3798665" inkscape:window-x="1912" inkscape:window-y="-8" inkscape:window-maximized="1" inkscape:current-layer="svg10"/>dotsCreated with Sketch. түймесін басып, Өзгерту түймесін таңдаңыз
  2. Пайдаланушыға тапсырыс ақпаратында берілген телефон нөмірі бойынша хабарласып, барлық өзгертулерге қатысты келісімін алыңыз.
  3. Өзгертулерді тапсырыс құрамына енгізіңіз

«Тағамды дайындау мүмкін болмаса, не істеу керек?» мақаласынан қараңыз.

Дайындап үлгермей жатсаңыз, не істеу керек?

Тапсырысты дайындап үлгере алмай жатсаңыз, жоғары жүктеме режимін қосыңыз.

Мұның арқасында

  • Сіз дайындау уақытын арттырып, тапсырысты сақтап қала аласыз
  • Курьерлер уақытында келеді
  • Пайдаланушылар нақты дайындау уақытын көріп отырады

Тапсырыстар бөлімінде жоғары жүктемені қосу:

  1. Тапсырыстар бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз

  2. Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → Қосу. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады

Мейрамханаларым бөлімінде жоғары жүктемені қосу:

  1. Мейрамханаларым бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдап, найзағай белгісін басыңыз

  2. Дайындау уақытын қанша минутқа арттыру керегін және жаңа уақыт қаншалықты ұзақ әрекет ететінін таңдаңыз → Қосу. Бұл мерзім біткеннен кейін, дайындау уақыты автоматты түрде стандартты уақытқа оралады

Назар аударыңыз

Егер мейрамханадағы орташа дайындау уақыты 70 минут болса, жоғары жүктеме режимін қосу мүмкін болмайды.

Режим тек жоғары жүктеме кезінде қабылданған тапсырыстарға қолданылады. Найзағай белгісін басып, оны жоғарыдағы нұсқау бойынша ұзартуыңызға немесе әдеттегі дайындау уақытына оралуыңызға болады → Өшіру.


Егер уақытша тапсырыс қабылдай алмасаңыз, не істеу керек?

Егер уақытша тапсырыс қабылдай алмасаңыз, мейрамхананы кідіріске қойыңыз.

  1. Мейрамханам бөлімінде қажетті мейрамхананы таңдаңыз → Өшіру

  2. Өшіру себебін және мейрамхана тапсырыс беруге қолжетімді болмайтын уақытты таңдаңыз да, Уақытша тоқтату түймесін басыңыз – көрсетілген уақыт өткеннен кейін, мейрамхана автоматты түрде қосылады

Назар аударыңыз

Табыстан айырылмау үшін мейрамхананы тек шынымен қажет болған кезде ғана өшіріңіз.