Яндекс Еда Вендор жеке кабинетіне қалай кіру керек
- Яндекс ID артықшылықтары
- Яндекс ID-ді қалай жасау керек
- Яндекс ID-ді қалай тіркеу керек
- Яндекс ID құпиясөзін қалай ауыстыруға болады
- Яндекс ID құпиясөзін қалай қалпына келтіруге болады
- Телефон нөмірі арқылы қалай кіруге болады
- Жаңа қызметкерге жеке кабинетке кіруге рұқсатты қалай беру керек
- Тіркелген пайдаланушыны қалай өшіру керек
- Жеке кабинеттің атауын қалай өзгертуге болады
- Жеке кабинетті қалай ауыстыруға болады
Жеке кабинетке Яндекс ID көмегімен кіруге болады.
Яндекс ID — бұл Яндекске, сол арқылы авторизациядан өтуді қолданатын мобильді қосымшалар мен сайттарға арналған бірыңғай аккаунт.
Яндекс ID артықшылықтары
Пайдаланушыларды шақырып, олардың рұқсаттарын басқаруға болады
- Бұл жеке кабинетпен бірден бірнеше адам жұмыс істеген кезде ыңғайлы.
Түрлі жеке кабинет үшін бір ID
- Бүкіл кабинеттерге бір ID тіркеуге болады. Жеке кабинеттердің баптаулары сақталады, ал әртүрлі құпиясөздерді жаттап, енгізу керек емес.
Телефон нөмірі арқылы қауіпсіз кіру
-
Жеке кабинетке кіру оңай — телефон нөмірін енгізу жеткілікті.
Деректеріңізді қорғау үшін біз қосфакторлық аутентификация қолданамыз және күдікті кіру әрекеттері туралы ескертеміз. Оған қоса, құпиясөзді уақытылы ауыстырып, кіру мүмкіндігін қалпына келтіру мүмкіндігін қадағалап отырамыз.
Яндекс ID-ді қалай жасау керек
-
Яндекс ID парақшасында ID жасау батырмасын басыңыз.

-
Ашылған өріске аккаунтты тіркеуге арналған телефон нөмірін енгізіңіз және Жалғастыру батырмасын басыңыз.

-
Осы нөмір алты таңбалы коды бар СМС келеді — растау үшін оны өріске енгізіңіз және Жалғастыру батырмасын басыңыз.

-
Егер код келмесе, оны қайта сұратуға болады — Тағы бір рет жіберу батырмасын басыңыз.
-
Аты-жөніңізді енгізіп, кейін Жалғастыру батырмасын басыңыз.
Яндекс ID — бұл дербес аккаунт. Ол Яндекс Еда Вендорды қолданатын әрбір адам үшін жасалады.

-
Логин ойлап табыңыз немесе ұсынылған нұсқалардан таңдаңыз және Жалғастыру батырмасын басыңыз. Бұл логинмен Яндекс Еда Вендорға кіруге болады.

-
Құпиясөз ойлап тауып, Жалғастыру батырмасын басыңыз.
-
Пайдаланушы келісімін қабылдап, Дайын батырмасын басыңыз — аккаунт жасалды.

Яндекс ID-ді қалай тіркеу керек
-
Сіздің поштаңызға келген логин мен құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз.

-
Хабарламаны көрген кезде Яндекс ID тіркеу батырмасын басыңыз.

-
Яндекс ID парақшасы ашылады — Яндекс ID логині мен құпиясөзін енгізіңіз.

-
Кіру терезесі ашылады — Яндекс Еда Вендор үшін сіздің Яндекс ID-ді пайдалануға рұқсат беріңіз.

-
Тіркегеннен кейін сіз жаңа интерфейсі бар жеке кабинетке кіресіз.

-
Жеке кабинеттердің бәріне бір Яндекс ID тіркеген кезде олардың арасында ауысып отыра аласыз.
Яндекс ID құпиясөзін қалай ауыстыруға болады
- Яндекс ID парақшасына өтіңіз.
- Бүйір мәзірдегі Қауіпсіздік бөлімін → Кіру тәсілдері → Құпиясөзді жаңарту тармағын ашыңыз.
- Ескі құпиясөзді енгізіп, Жалғастыру батырмасын басыңыз.
- Жаңа құпиясөзді ойлап тауып, өзгертулерді сақтаңыз.
Яндекс ID құпиясөзін қалай қалпына келтіруге болады
-
Авторизация парақшасында логинді енгізіп, Кіру батырмасын басыңыз.
-
Құпиясөз есімде жоқ батырмасын басыңыз.
-
Суреттегі кодты енгізіп, Жалғастыру батырмасын басыңыз.
-
Яндекс ID-ге тіркелген телефон нөмірін көрсетіңіз.
-
Телефонға коды бар СМС келеді — оны енгізіп, Жалғастыру батырмасын басыңыз.
-
Жаңа құпиясөз ойлап тауып, енгізіңіз.
-
Дайын. Енді жаңа құпиясөзбен кіріңіз.



Телефон нөмірі арқылы қалай кіруге болады
-
Авторизация парақшасында Телефон өрісін таңдаңыз.

-
Сіз Яндекс Еда Вендордағы жеке кабинетке кіріп жүрген Яндекс ID-ге тіркелген телефон нөмірін енгізіңіз.
-
СМС арқылы келген кодты енгізіңіз.

-
Тізімде осы телефон нөміріне тіркелген бүкіл Яндекс ID-ді көресіз. Яндекс Еда Вендорға кіру үшін қолданып жүрген аккаунтты таңдаңыз.

Жаңа қызметкерге жеке кабинетке кіруге рұқсатты қалай беру керек
Шақыруды бірден бірнеше қызметкерге жіберуге болады.
-
Бүйір мәзірде өз аккаунтыңызға басыңыз, қалқымалы терезе және Аккаунтты басқару батырмасы пайда болады.

-
Аккаунтты басқару парақшасында Пайдаланушылар қойындысына өтіңіз.

-
Пайдаланушыны шақыру батырмасын басыңыз.
-
Email өрісіне шақырғыңыз келетін қызметкердің поштасын енгізіңіз. Кез келген поштаны жазуға болады — gmail.com және басқа.

-
Тіркелген аккаунттар тізімінде шақыру пайда болады — сілтеме 3 күн әрекет етеді. Егер қызметкер жеке кабинетке ID тіркеп үлгермеген болса, сіз шақыруды қайтадан жібере аласыз.

-
Пайдаланушының поштасына нұсқаулық және Яндекс ID тіркеуге арналған сілтеме бар хат келеді.
-
Пайдаланушы сілтеме арқылы өтіп, өзінің ID тіркеу керек.
-
Тіркегеннен кейін пайдаланушы жеке кабинетке кіре алатын болады.
Тіркелген пайдаланушыны қалай өшіру керек
Функция аккаунтқа 2 және одан көп пайдаланушы тіркелген кезде қолжетімді.
-
Бүйір мәзірде өз аккаунтыңызға басыңыз, қалқымалы терезе және Аккаунтты басқару батырмасы пайда болады.

-
Аккаунтты басқару парақшасында Пайдаланушылар қойындысына өтіңіз.
-
Аккаунттар тізімінен қажеттісін таңдап, Өшіру батырмасын басыңыз.
-
Қолдау қызметі бөлімі ашылады — сауал жазып жіберіңіз, сонда біз пайдаланушыны ажыратуға көмектесеміз.

Жеке кабинеттің атауын қалай өзгертуге болады
-
Бүйір мәзірде өз аккаунтыңызға басыңыз, қалқымалы терезе және Аккаунтты басқару батырмасы пайда болады.
-
Жеке кабинет бөлімінде қарындаш таңбасына басыңыз — атауын өзгертіңіз.
Ол тек сізге көрсетіледі. Басқа пайдаланушылар жеке кабинетке кіре алса да, оны көрмейді.

Жеке кабинетті қалай ауыстыруға болады
- Бүйір мәзірде өз аккаунтыңызға басыңыз, қалқымалы терезе және Аккаунтты басқару батырмасы пайда болады.
- Жеке кабинет бөлімінде кабинет атауының жанында Кабинетті ауыстыру батырмасы пайда болады — соған басыңыз.
- Сіз осы ID-ге тіркелген жеке кабинеттер тізімі бар парақшаға өтесіз — қажеттісін таңдаңыз.
Маңызды
Жеке кабинетті Яндекс ID-ге кем дегенде екі кабинет тіркелген кезде ауыстыруға болады.