Яндекс Еда экожобасы

Күн сайын Яндекс Еда пайдаланушылары сервиске сүйікті тағамдарына тапсырыс береді — бір рет басу арқылы тағамды оларға үйіне, кеңсеге немесе саябаққа жеткізіп береміз.

Жеткізу кезінде мейрамханалар бір реттік контейнерлер мен аспаптарды пайдалануға мәжбүр болады. Қоршаған орта үшін бір реттік қаптаманың мүлде болмауы жақсы болар еді, бірақ кейде оларсыз болмайды.

Экожоба сервисті пайдалы әрі экологиялық таза етуге көмектеседі: сіздердің мейрамханаларыңыздың шығындарын қысқартып, табиғатқа септігін тигізеді.

Жобаның мәні

Жоба мыналарды ұсынады:

  • пайдаланушы сұрамаған жағдайда тапсырысқа бір реттік аспаптар салмаңыз — сіз аспаптарды азырақ сатып аласыз, ал пайдаланушылар тілектерін ескергенге қуанып, жақсы баға қояды;
  • сіз тұрған елді мекенде немесе соның жанында қайта өңдеуге тапсыруға болатын материалдардан жасалған қаптаманы пайдаланыңыз — осылайша айналадағы қоқыс көлемі азаяды.

Аспаптарға қатысты ұсыныстар

Экологиялық таза емес аспаптар өте көп:

  • пластик шанышқылар;
  • түтікшелер;
  • сусын араластырғыштар;
  • ағаш тіс тазалағыштар;
  • пластикалық қаптамадағы суши таяқшалары.

Пайдаланушының тапсырысқа аспаптар салмауға қатысты өтінішін ескеру маңызды — осылайша сіз мейрамхана шығындарын азайта аласыз, пайдаланушылардың ілтипатын жоғарылатып, табиғатқа көмектесе аласыз.

Ескерту

Біздің есебімізше, тапсырысқа аспап салмауды сұраған пайдаланушылардың 78%-ы оларды бәрібір алған. Бұл көңіл-күйді бұзып, тағам ұнағанның өзінде мейрамханаға төмен баға қоюға соқтыруы мүмкін.

Пайдаланушыларға арналған Яндекс Еда қосымшасында Аспаптар батырмасы әдепкі түрде сөндірулі тұрады, сондықтан, пайдаланушыға аспаптар расымен де керек болса, ол оларды саналы түрде сұратады.

Қалай әрекет ету керек

  • Әр тапсырыста аспаптар саны мен пайдаланушылардың түсініктемелеріне ерекше назар аударыңыз.
  • Егер пайдаланушы аспаптар салмауды сұраса, жоғарыда аталған заттарды салмаңыз — тіпті олар экологиялық таза болып көрінсе де, қажет емес.

Мұндай қадамдар аспап сатып алуға шығындарды азайтады, ал пайдаланушылар өз өтініштеріне білдірген назарыңыз үшін жоғары баға қояды.

Қаптамаға қатысты ұсыныстар

Біз әртүрлі қаптама өндірісіндегі негізгі мәселелерді зерттеп, оларды қандай материалдардан жасайтындығын және қайта өңдеуге тапсыруға бола ма екендігін анықтап білдік. Осы деректердің көмегімен біз мейрамханалар үшін ұсынымдар құрастырдық. Төменде, сіздің тағамдарыңызды қаптау үшін қандай материал жарамды екенін, ал қандай материалды табиғатқа залал келтірмес үшін пайдалану керек еместігі жайлы айтып береміз.

Пластик: «жаман» және «жақсы»

Шартты түрде, барлық пластикті екі санатқа бөлуге болады: біздің елде қайта өңдеуге жарайтын және жарамайтын. Осы санаттарды оңай ажырату үшін пластикке арналған арнайы белгі — таңбалау қолданылады. Әдетте таңбалауды контейнер немесе шөлмекті түбінен табуға болады.

Өз тағамдарыңыз бен сусындарыңыз үшін қаптама таңдаған кезде таңбалауға назар аударыңыз — сонда сіз оны қайта өңдеуге болар-болмасын нақты білетін боласыз.

Қаптама материалдар: сәтсіз шешім

Келесі материалдардан жасалған қаптаманы мүлде қолданбаңыз — оларды Ресейде қайта өңдеу мүмкін емес немесе өте қиын:

  • 3 және 7 таңбасы бар пластик — біздің елде қайта өңделмейді;
  • көп қабатты қаптама, мысалы, Tetra pak — қайта өңдеу қиын, оған қоса Ресейде мұнымен айналысатын жерлер өте аз;
  • крафт пакеттер — тағамнан аққан май қағазды бүлдіріп, оны қайта өңдеуге жарамсыз етеді;
  • биоыдырағыш қаптама — өнеркәсіптік компосттау жүйесі болмағандықтан Ресейде қайта өңдеу мүмкін емес;
  • материалдар қоспасынан жасалған қаптама — қаптама қабаттарын бір бірінен ажыратып, әр түрлі кәсіпорындарда қайта өңдеуге тура келеді.

Мейрамханада экологиялық таза тәсілді дамыту өте оңай

  • қайта өңдеуге болатын қаптаманы таңдаңыз;
  • клиенттердің тапсырысқа аспап салмау туралы өтініштеріне назар аударып отырыңыз.

Тағамдар үшін бір реттік контейнерлерді сатып алу кезінде сіз тұрған елді мекенде немесе оның жанында қайта өңдеуге болатын материалдар жайлы есте ұстаңыз. Экологиялық таза қаптаманы клиенттер оңай сұрыптап, қайта өңдеуге жеңіл тапсыра алады. Қоқыс жинала бермейді, айнала тазара түседі.