Статистика

Назар аударыңыз

Бұл бөлім жеке кабинетке кеңейтілген қолжетімділігі бар аккаунттар үшін ғана қолжетімді. Мұндай қолжетімділікті жеке кабинет арқылы алуға болады: Қолдау қызметіЖеке кабинетЖеке кабинетке қолжетімділік бөлімі.

Статистика бөлімінде барлық негізгі метрикалар орналасқан:

  • Жалпы статистика
  • Пайдаланушылар бойынша статистика
  • Науқан бойынша статистика
  • Яндекс Плюс бағдарламасы бойынша статистика

Статистиканы білу үшін мейрамхана мен деректерді қарау қажет кезеңді таңдаңыз. Әрбір бөлімде ортақ көрсеткіштер мен салыстырмалы кестелер бар.

Кесте қалай есептеледі:

  • Парақшаның жоғарғы бөлігінде таңдаған кезең ішіндегі кестелер көрсетілген
  • Кестелердегі сан — бұл таңдалған кезең ішіндегі мәндердің сомасы, тапсырыспен конверсиядағы кестеден басқа: онда орташа есептелген
  • Кестелердегі динамика — бұл таңдалған кезеңнің алғашқы және соңғы күнін салыстыру: егер кезең аяқталған күні мәні алғашқыдан жоғары болса, кесте жасыл; егер төмен болса — қызыл; егер сол күйінде қалса — сұр түсті болады

Жалпы статистика

Жалпы статистикада қандай көрсеткіштер бар

  • Түсім — барлық тапсырыстар чектері сомасы. Сұр түспен мейрамхана тарапынан тоқтатылған тапсырыстар белгіленген

  • Тапсырыстар саны — орындалған және мейрамханаға өтемақымен тоқтатылған

  • Орташа чек — тапсырыстар санына бөлінген барлық тапсырыстардан түскен түсім

Нақты бір нүкте бойынша орташа мәнін қарау үшін бір нүктеге орташа опциясын қосыңыз.

  • Тапсырыстарды бөлу — тапсырыстарды апта күндері бойынша бөлу. Сағат бойынша бөлуді қарау үшін сағатына опциясын қосыңыз

  • Сервистегі қолжетімділік — мейрамханаңыздың қолжетімділік динамикасы. 96% және одан жоғары көрсеткіштер жақсы болып есептеледі

Статистиканың барлық деректерін жүктеу үшін батырмасын басыңыз

Пайдаланушылар бойынша статистика

Пайдаланушылар бойынша статистикада қандай көрсеткіштер бар

  • Жаңа пайдаланушылар — тапсырысты бірінші рет жасаған пайдаланушылар саны
  • Тұрақты пайдаланушылар — тапсырысты сізден бұрын да жасаған пайдаланушылар саны
  • Барлық пайдаланушылар — пайдаланушылардың жалпы саны
  • Тұрақтылардан түскен түсім бөлігі — тұрақты пайдаланушылардың тапсырыстары бойынша чектер сомасы

Көрсеткіштердегі сандар өткен кезеңге салыстырмалы өзгерістерді көрсетеді. Жасыл пайдаланушылардың өсімін, ал қызылы — түсуін білдіреді.

  • Түсім — жаңа және тұрақты пайдаланушылардың барлық тапсырыстарының чектерінің сомасы

  • Пайдаланушылар — тұрақты және жаңа пайдаланушылардың саны

  • Тапсырыстар жиілігі — бір, екі немесе одан көп тапсырыс орындаған пайдаланушылар саны

  • Тұрақты пайдаланушылардан түскен түсімнің бөлігі — тұрақты пайдаланушылардан түскен тапсырыстар бойынша чектердің сомасы


Науқан бойынша статистика

Науқан бойынша статистика бойынша қандай көрсеткіштер бар

  • Науқан бойынша тапсырыстар саны — тапсырысты науқанмен жасаған пайдаланушылар саны

  • Науқан бойынша тапсырыстардың орташа чегі — тапсырыс санына бөлінген науқан бойынша тапсырыстардың түсімі

  • Науқан бойынша тапсырыстардан түскен түсім — барлық тапсырыстардың чектерінің сомасы: мейрамханаға өтемақысымен орындалған немесе тоқтатылған, минус жеңілдік

  • Жаңа пайдаланушылар — тапсырысты бірінші рет жасаған пайдаланушылар саны

  • Түсім — барлық тапсырыстарының чектерінің сомасы: науқанмен және науқансыз

  • Тапсырыстар саны — барлық тапсырыс бойынша: науқан және науқансыз

  • Орташа чек — барлық тапсырыс бойынша: науқанмен және науқансыз

  • Жаңа пайдаланушылар — тапсырысты алғаш рет науқан бойынша және науқансыз жасаған пайдаланушылар саны

  • Конверсия — тапсырысты науқан бойынша жасаған пайдаланушылардың үлесі

Науқандар жайлы толығырақ мына мақалада айтамыз.

Яндекс Плюс бағдарламасы бойынша статистика

Плюс бойынша статистикада қандай көрсеткіштер бар

  • Плюсі бар пайдаланушылардан түскен түсім — Яндекс Плюстегі жазылымы бар пайдаланушылар жасаған тапсырыстардың барлық чектерінің сомасы.

  • Сәтті тапсырыстар — Яндекс Плюсте жазылымы бар пайдаланушылардың барлық тапсырыстары

  • Плюсі бар жаңа пайдаланушылар — мейрамханаңызда тапсырысты алғаш рет жасаған, Яндекс Плюсте жазылымы бар пайдаланушылардың саны

  • Плюспен жасалған тапсырыстардың жиілігі — Яндекс Плюске жазылымы бар пайдаланушылардың айына бір пайдаланушыдан есептегенде тапсырыс саны

  • Түсім — барлық тапсырыстарының чектерінің сомасы: Плюспен және Плюссіз

  • Тапсырыстар — барлық тапсырыстардың саны: Плюспен және Плюссіз

  • Жаңа пайдаланушылар — сіздің мейрамханаңызда тапсырысты алғаш рет жасаған пайдаланушылар саны: Плюспен және Плюссіз

  • Пайдаланушының орташа жылдың табысының болжамы — бір пайдаланушының мейрамханада барлық уақыт ішінде әкелуі мүмкін түсімнің болжамы. Метрика мәндері өзгеруі мүмкін. Бұл жаңа деректер мен пайдаланушылар күйінің өзгеруімен байланысты — біреу Плюске қосылады, ал енді біреуі бағдарламаны пайдалануды тоқтатады

  • Тапсырыстар жиілігі— айына бір пайдаланушыны есептегенде пайдаланушылардан түскен тапсырстар саны

Ескерту

Статистика бойынша тапсырыстардың жалпы саны Плюсі бар және Плюсі жоқ пайдаланушылардың жалпы санынан аз-кем өзгешеленуі мүмкін. Бұл жүйедегі есептердегі қателіктерден болуы мүмкін — жағдайлардың 1-2%-ында ол пайдаланушыны нақты бір топқа жатқызбайды.

Алдыңғы