Сапа индексі

Сапа индексі — бұл біз мейрамхана жұмысының пайдаланушылар үшін маңызды бүкіл көрсеткіштерін жинап қойған бөлім. Мұнда сіз оның тапсырыстарды қаншалықты жақсы орындап жүргенін қарай аласыз: әзірлеу, жинақтау және оларды табыстау.

Оған қоса, бұл бөлімде көрсеткіштер бойынша мақсаттар бар — олардың бәрін орындауға тырысыңыз. Ол мынаған көмектесе алады:

  • жоғары рейтингті ұстап тұру — демек, пайдаланушылардың бейілділігін арттырып, өзін жұмыс сапасы үздік мейрамхана ретінде ұсыну;
  • тапсырыстарды арттыру — адамдар рейтингі жоғары мейрамханаларды көбірек таңдайды.

Кейінірек мақсаттардың бәрін орындайтындарды ерекше атап отыруды жоспарлап отырмыз — мысалы, оларды пайдаланушыларға арналған қосымшада үздік мейрамханалар топтамасына қосамыз.

Сапа көрсеткіштері және сол бойынша бір айдағы көрсеткіштер

Әр көрсеткіш нені білдіреді

  • Рейтинг — пайдаланушылар қойған соңғы 200 баға мен мейрамхана тарапынан бас тарту санына негізделген орташа мән. Рейтинг туралы толығырақ мақаладан оқыңыз.

    Мақсат: ≥ 4.7

    Рейтингтің құлауына жол бермеңіз және оны жоғары деңгейде ұстап отырыңыз. Ол туралы толығырақ мына мақалалардан оқыңыз:

    Егер рейтинг төмендеп жатса не істеу керек

    Рейтингті ұстап тұру және арттыру жолдары

  • Бір айдағы тапсырыстар саны — күнтізбелік ай ішінде орындалған тапсырыстар саны.

    Мақсат: ≥ 50 тапсырыс

    Бұл мақсатқа күніне 1 тапсырыстан бастап орындаған кезде қол жеткізуге болады. Болмаған тапсырыстар есепке алынбайды.

  • Бір айдағы дұрыс жасалмаған тапсырыстар — күнтізбелік ай ішінде жеткізілген бүкіл тапсырыстар санынан дұрыс жиналмаған тапсырыстардың үлесі.

    Бұл көрсеткішке негіз ретінде дұрыс жиналмаған тапсырыс бойынша пайдаланушылардың шағымдарының санын аламыз. Аспаптардың жоқтығына шағымдар есепке кірмейді.

    Мақсат: ≤ 0.7 %

    Қателеспес үшін тапсырыс құрамын әзірлеуді бастар алдында, сондай-ақ, тапсырысты жинар кезде тексеріп отырыңыз — сонда пайдаланушы қалаған нәрсені жеткізе аласыз.

  • Әзірлеу кешіктірілген тапсырыстар — бір айда әзірленген бүкіл тапсырыстардан 10+ минутқа кешігіп әзірленген тапсырыстар үлесі.

    Бұл көрсеткішке негіз ретінде тапсырысты қабылдаған сәттен бастап Тапсырыс дайын күйін басқан сәтке дейінгі уақытты аламыз. Бұл күйді уақытылы басып отырыңыз — сонда жүйе әзірлеу уақытын дұрыс есептеп отырады.

    Тапсырыстарын тек сервис серіктестері жеткізетін мейрамханалар үшін.

    Мақсат: ≤ 15 %

    Егер әзірлеп үлгермей жатсаңыз, Жоғары жүктеме режимін қосыңыз. Сонда сіз әзірлеу уақытын ұлғайтып, тапсырыстарды сақтай аласыз. Жоғары жүктеме режимі туралы толығырақ мақаладан оқыңыз.

Ескерту

  • Сапа бойынша мақсаттар уақыт өте келе өзгеруі мүмкін — ол туралы алдын ала ескертіп отырамыз.
  • Сапа индексі бөліміндегі көрсеткіштер алдыңғы күн үшін көрсетіледі.
  • Көрсеткіштердің есебі әр күнтізбелік ай сайын жүреді — яғни, әр айдың 1-і күні рейтингтен басқа көрсеткіштердің бәрі жаңартылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсеткіштер қандай кезең үшін есептеледі?

Көрсеткіштер өткен күнтізбелік айдың қорытындысы бойынша есептеледі. Келесі айда рейтингтен басқаның бәрі қайта есептеледі.

Қандай тапсырыстарда мәселелер болғанын қалай қарауға болады?

Рейтинг қандай тапсырыстарға байланысты төмендегенін қарау үшін Менің мейрамханаларым бөліміне кіріңіз → қажет мейрамханаға басыңыз → Рейтинг қойындысын таңдаңыз. Бұл парақшадан рейтинг қалай өзгергенін және пайдаланушылар қандай тапсырыстар үшін төмен баға қойғанын қарауға болады.

Егер басқа көрсеткіштер бойынша сұрақтарыңыз болса, бізге Қолдау қызметі бөлімі арқылы жазыңыз — көмектесеміз.

Әзірлеу кезінде кешігу қалай есептеледі?

Бұл — бір айда әзірленген бүкіл тапсырыстардан 10+ минутқа кешігіп әзірленген тапсырыстар үлесі.

Жүйе сіздің әзірлеу уақытыңызды дұрыс есептеу үшін Тапсырыс дайын күйін уақытылы басып отырыңыз.

Дұрыс жасалмаған тапсырыс қалай есептеледі?

Бұл көрсеткіштің негізі ретінде пайдаланушылардың дұрыс жиналмаған тапсырыс бойынша шағымдар санын, оның ішінде сусындар мен тұздықтардың жоқтығына қатысты шағымдарды аламыз.

Рейтинг қалай есептеледі?

Рейтинг — бұл пайдаланушылар қойған соңғы 200 баға мен мейрамхана тарапынан бас тарту санына негізделген орташа мән. Рейтинг туралы толығырақ мақаладан оқыңыз.

Рейтинг бойынша мақсат орындалған-орындалмағанын білу үшін сіздің айдың соңғы күніндегі көрсеткішіңізді қараймыз.

Алдыңғы
Келесі