Басты бет

Басты бет бөлімінде мейрамханаға тапсырыс санын көбейтуге көмектесетін ұсыныстар бар. Біз сіздің көрсеткіштеріңіздің динамикасын талдаймыз және дербес кеңестерді қалыптастырамыз.

Бөлім бірнеше бөліктен тұрады:

Сіздің мейрамханаңыздың динамикадағы негізгі көрсеткіштері

Мұнда сіз мейрамхананың негізгі көрсеткіштерінің қалай өзгеретінін бақылай аласыз:

  • Кіріс — мейрамхананың қанша ақша тапқанын көрсетеді;
  • Орташа чек — мейрамханадағы тапсырыстың орташа сомасын көрсетеді;
  • Тапсырыстар саны — барлығы қанша тапсырыс жеткізілгенін көрсетеді;
  • Өткізіп алған пайда — мейрамхана бас тартқан тапсырыстардың құнын көрсетеді.

Әрбір метрика таңдалған кезеңдегі деректерді және оның өткен кезеңге қатысты қалай өзгергенін көрсетеді.

Мейрамхана жұмысының динамикадағы сапа көрсеткіштері

Мұнда сіз мейрамхананың сапа көрсеткіштерін бақылай аласыз:

  • Мейрамхана рейтингі — мейрамхананың бүгінгі жалпы рейтингін көрсетеді және оның таңдалған кезеңге байланысты бір апта және бір ай бұрынғы жағдайға қарағанда қалай өзгергенін көрсетеді;
  • Бас тарту рейтингі — мейрамхананың бүгінгі күнге бас тартқан тапсырыстар санының негізінде қалыптасқан рейтингін көрсетедіт және деректердің таңдалған кезеңге байланысты бір апта және бір ай бұрынғы жағдайға қарағанда қалай өзгергенін көрсетеді;
  • Сервистегі қолжетімділік — кезең ішінде мейрамхана тапсырыс қабылдау үшін қолжетімді болған уақыт пайызын және деректердің өткен кезеңмен салыстырғанда қалай өзгергенін көрсетеді.

Көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау үшін Қалай жақсартуға болады батырмасын басыңыз.

Мейрамхана аудиториясының сараптамасы

Мұнда сіз пайдаланушылардың санын және олардың қанша табыс әкелгенін көре аласыз:

  • Барлық пайдаланушылар — таңдалған кезең ішінде мейрамханада барлығы қанша пайдаланушы тапсырыс жасағанын көрсетеді;
  • Жаңа пайдаланушылар — таңдалған кезең ішінде мейрамханада алғаш рет қанша пайдаланушы тапсырыс жасағанын көрсетеді;
  • Тұрақты пайдаланушылардан түскен табыс үлесі — тұрақты пайдаланушылардан түскен тапсырыстардың барлық пайдаланушылардан түскен тапсырыстары сомасына бөлінген сомасын көрсетеді.

Әрбір метрика өткен кезеңге қатысты деректердің қалай өзгергенін көрсетеді. Аудитория бойынша кеңейтілген сараптама Статистика бөліміндеСтатистика мақаласында толығырақ көрсетілген.

Тапсырыстар санын көбейту бойынша дербес ұсыныстар

Мұнда сіздің мейрамханаңыздың көрсеткіштеріне негізделген дербес ұсыныстар бар.