Жеткізу аймақтары
- Серіктес курьерлер жеткізетін аймақтар
- Мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақ
- Әзірлеу және жеткізудің жалпы уақытын есептеу бойынша ұсынымдар
- Аймақты автоматты түрде қосу
- Жеткізу аймағын файлдан қосу
- Жеткізу аймағын қолмен қосу
- Пайдаланушы үшін уақыт қалай есептеледі
- Жеткізу аймағын қалай өзгертуге, сөндіруге, қосуға және өшіруге болады
Серіктес курьерлер жеткізетін аймақтар
Сервистің серіктес курьерлері жеткізетін аймақтар автоматты түрде есептеледі, оны түзету мүмкін емес. Радиусы жеткізу жылдамдығы, курьерлердің жүктемесіне байланысты және күні бойы өзгеріп отыруы мүмкін.
Мұндай аймақты қарау үшін Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.

Мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақ
Мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақтарды өзіңіз қоса және түзете аласыз.
Аймақты қосу үшін:
-
Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.

-
Аймақ қосу батырмасын басыңыз.

-
Аймақ параметрлерін таңдаңыз → Жасау.

Аймақ жасау бөлімінде
- Қалаған жасау тәсілін таңдаңыз: автоматты түрде, файлдан немесе қолмен.
Жеткізу бөлімінде
-
Мейрамханадан аймақтың алыс нүктесіне дейінгі жеткізу уақытын таңдаңыз. Минималды уақыты — 15 минут, максималды уақыты — 300 минут.
Көрсетілген уақытты тексереміз — егер енгізілген мән төмен болса, жүйе автоматты түрде ескертеді. Яндекс Карты арқылы жолдағы жағдай мен сіздің мейрамханаңыздағы курьер типін есепке аламыз.
Пайдаланушы үшін уақытты қалай есептейтініміз туралы толығырақ мақалада жазылған.
Курьер типі бөлімінде
-
Осы аймақта тапсырыстарды жиі жеткізетін курьер типін таңдаңыз. Бұл пайдаланушылардың жеткізу уақыты туралы күтімін ақтауға көмектеседі. Сондай-ақ бізге аймақты автоматты түрде жасауға көмектеседі.
Курьер типі жеткізу жылдамдығына ықпал ететініне назар аударыңыз.
Жеткізу шарттары бөлімінде
-
Аймақта тапсырыстарды жеткізетін сома мен жеткізу құнын көрсетіңіз. Сіз бірнеше шарт қоса аласыз: мысалы, 0 ₽-ден 500 ₽-ге дейінгі тапсырыстар үшін жеткізу құны Х ₽ құрайды, ал 500 ₽-ден 1500 ₽-ге дейінгі тапсырыстар үшін жеткізу құны Ү ₽ болады.
Лимиттеріміз:
- Жеткізу құны — 500 ₽-ден аспайды
- Тапсырыстың минималды құны — 3 000 ₽-ден аспайды
Ескерту
Пайдаланушылардың жеткізу уақытына қатысты күтімін ақтау үшін бір үлкен аймақтың орнына бірнеше кішкентай аймақтарды қосыңыз.
Бұл тапсырыс алу мүмкіндігін де арттыруға көмектеседі: егер сізде бірнеше шағын аймақ болса, онда біз пайдаланушыға барынша тиімді құны мен жеткізу уақытын көрсетеміз.
Әзірлеу және жеткізудің жалпы уақытын есептеу бойынша ұсынымдар
Жеткізудің болжалды уақытын Яндекс Карты арқылы есептеуге болады. Ол үшін:
-
Мейрамхана мекенжайынан жеткізу аймағының ең алыс нүктесіне дейін бағдар құрыңыз.
-
Жеткізу тәсілін таңдаңыз: жаяу курьер, велосипед немесе авто мінген курьер.
-
Алынған уақыт — аймақтағы минималды жеткізу уақыты.
Жеткізу мен әзірлеудің жалпы уақытын есептеу үшін Яндекс Карты арқылы алынған уақытқа өзіңіздің орташа әзірлеу уақытыңызды қосыңыз.
Аймақты автоматты түрде қосу
Автоматты түрде жеткізу аймағы — бұл біз радиусын сіз белгілеген параметрлер бойынша бейнелейтін мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақ.
Әдетте аймақ шекарасын жасау 2 минутқа дейін уақыт алады. Олар дайын болған кезде сіз аймақтың радиусын өзіңіз түзете аласыз.
Мұндай аймақты қосқан кезде Аймақ жасау бөлімінде Автоматты түрде тармағын таңдаңыз.

Жеткізу аймағын файлдан қосу
Файлдан қосылған жеткізу аймағы — бұл сіз бізге геодеректері бар файлдан беретін мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақ.
Мұндай аймақты қосқан кезде Аймақ жасау бөлімінде Файлдан тармағын таңдаңыз.
-
Егер сізде 30 Мб аспайтын KML немесе GeoJSON форматындағы файл болса, оны файл тұрған блокқа апарыңыз.
-
Егер сізде файл болмаса, оны дайындап, осы блокқа алып келіңіз.
Файлды жасау үшін Яндекстің карталар конструкторын қолдануға болады.
-
Біз картаға тек белгілер мен сызықтарды қосамыз, басқа элементтер көшпейді.
-
Егер файлда бірнеше жеткізу аймағы жасалған болса, біз олардың тек біреуін бейнелейміз. Әрбір аймақ үшін бөлек файлдар жасап, бірнеше жеткізу аймағын қосыңыз.

Жеткізу аймағын қолмен қосу
Қолмен бейнеленген жеткізу аймағы — бұл сіз қосымша арқылы бейнелейтін мейрамхана курьерлері жеткізетін аймақ.
Мұндай аймақты қосқан кезде Аймақ жасау бөлімінде Қолмен жасалған тармағын таңдаңыз.

Аймақты бейнелей бастау үшін картаға басыңыз.

Одан әрі меңзерді жылжытып, аймақтың шекарасын бекіту үшін картаға басыңыз.

Бәрі дайын болған кезде Сақтау батырмасын басыңыз.

Пайдаланушы үшін уақыт қалай есептеледі
Пайдаланушылар мейрамхананы таңдаған кезде олар өткендегі тапсырыстың оң тәжірибесі мен мейрамхана рейтингіне жиі қарайды — жеткізу уақытын есептеудің жаңа құралы екі факторды да жақсартуға көмектеседі.
Жаңа құралдың пайдасы қандай
- Жеткізудің барынша дәл уақыты тапсырыстардан бас тарту саны мен кешігу себебінен бағаның төмендеуін қысқартуға көмектеседі.
- Жеткізу уақытына қатысты пайдаланушылар шағымдарының аз саны рейтингті жоғары деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Біз пайдаланушы үшін уақытты қалай есептейміз
-
Бәрін қосамыз:
- әзірлеудің минималды уақыты — 15 минут;
- тапсырысты жинақтау, орау және табыстауға 5 минут;
- Яндекс Карты қызметінде көрсетілген кептелістерді есепке ала отырып, тапсырысты мейрамханадан пайдаланушыға дейін жеткізу уақыты — кем дегенде 10 минут.
-
Кешіктіруге байланысты шағымдар бойынша ауытқудың жеке коэффициентін қолданамыз:
- соңғы 50 тапсырысыңыз бойынша есептеледі;
- егер сізде 10 тапсырыстан аз болса, жеке коэффициентті қолданбаймыз;
- коэффициентті есептеу кезінде тапсырыс бойынша кешігуге байланысты соңғы шағымның рөлі зор.
-
Сіз көрсеткен уақытты біздің есептеуімізбен сәйкес келетінін тексереміз:
- егер біз дәл сондай немесе одан аз уақытты есептесек, пайдаланушы сіздің жеткізу уақытыңызды көреді;
- егер біз уақытты көп есептесек, пайдаланушы біздің жеткізу уақытымызды көреді.
Бұл ретте сізге және пайдаланушыға жүйе жеткізуге бір уақытты көрсететін болады.
Жеткізу уақытын қалай қысқартуға болады
- Тапсырыс дайын және Курьерге табыстау күйлерін уақтылы басып отырыңыз. Сонда пайдаланушы тапсырыстың күйін көріп тұрады. Ал біз жеткізуге қалған уақытты қайта есептейміз — пайдаланушыға барынша дәл мәнді көрсетіп, егер тапсырыс бастапқыда жоспарланған уақыттан кешірек келсе, кідіріс туралы ескертеміз. Нәтижесінде кешігуге шағымдар саны азаю керек. Күйлермен қалай жұмыс істеу керектігі туралы мақалада айтып өттік.
- Бір үлкен аймақтың орнына бірнеше кішкентай аймақ жасаңыз — сонда сіз пайдаланушылардың жеткізу уақыты туралы күтімдерін ақтап, тапсырыс жасау мүмкіндігін арттырасыз. Егер сізде бірнеше шағын аймақ болса, онда біз пайдаланушыға барынша жылдам жеткізу уақытын көрсетеміз. Аймақтар туралы толығырақ мақаладан оқыңыз.
- Егер тапсырыстарды әзірлеп үлгере алмай жатсаңыз, Жоғары жүктеме режимін қосыңыз — бұл сізге тапсырыстарды сақтауға, ал пайдаланушыларға — тапсырысты жеткізудің өзекті уақытын қарауға көмектеседі. Оны қалай жасау керектігі туралы мақаладан оқыңыз.
Жеткізу аймағын қалай өзгертуге, сөндіруге, қосуға және өшіруге болады
Аймақты түзету үшін
-
Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.

-
Қажетті аймақты таңдап, соған басыңыз.

-
Аймақтың параметрлерін түзетіңіз → Сақтау.

Аймақты сөндіру үшін
Егер тапсырыстарды белгілі бір аймаққа уақытша жеткізе алмасаңыз, оны сөндіріп тастаңыз:
-
Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.
-
Қажетті аймақтың жанындағы сары түсті тетікке басыңыз. Ол сұр түске боялады, ал аймақ уақытша сөнеді.

Аймақты қосу үшін
-
Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.
-
Қажетті аймақтың жанындағы сұр түсті тетікке басыңыз. Ол сары түске боялады, ал аймақ қосылады.

Аймақты өшіру үшін
Егер белгілі бір аймаққа тапсырыстар жеткізу енді жоспарыңызда болмаса, оны өшіріп тастаңыз:
-
Жеткізу аймақтары бөліміне өтіп, қажетті мейрамхананы таңдаңыз.
-
Қажетті аймақты таңдап, соған басыңыз.
-
Себет таңбасына басыңыз.

Назар аударыңыз
Өшірілген жеткізу аймағын қалпына келтіре алмайсыз.
Ескерту
Егер мейрамханада тек бір жеткізу аймағы болса, оны өшіре алмайсыз. Бұл жағдайда алдымен жаңа аймақ жасаңыз, кейін өзекті емес аймақты өшіріңіз немесе барын түзетіңіз.