Әзірлеу уақыты

Әзірлеу уақыты бөлімінде сервис серіктестері арқылы жеткізетін мейрамханалар орташа әзірлеу уақытын қарай алады, жоғары жүктемені қоса алады немесе пайдалы нұсқаулықтарға өте алады.

Орташа әзірлеу уақыты — бұл сіз тапсырыстарды әзірлеп, қаптап қоятын уақыт. Көрсеткіш соңғы орындалған 200 тапсырыс бойынша автоматты түрде есептеледі.

Әзірлеу уақыты неге әсер етеді

Тапсырыстар санына

Тезірек әзірлейтіндер тапсырыс үшін барынша тартымды бола бастайды.

Нәтижелердегі орынға

Тезірек әзірлейтін мейрамханалар жалпы тізімде жоғары тұруы мүмкін, ол оны пайдаланушылар тезірек көреді және ол көбірек тапсырыс алады дегенді білдіреді.

Орташа әзірлеу уақытын қалай қарауға болады

Уақытты Әзірлеу уақыты бөлімінен біліп алуға болады. Сервис серіктестері арқылы жеткізуді қолданатын мейрамханаларда әзірлеу уақыты жалпы тізімде болады.

Жеткізуді сервис серіктестері жүзеге асыратын мейрамханалардың тағамды дайындау уақыты

Мұндай мейрамханаларда дайындау уақыты соңғы орындалған 200 тапсырыс бойынша автоматты түрде есептеледі.

Сіз қаншалықты тезірек әзірлеп, тапсырыс күйлерін белгілеп отырсаңыз, уақыт соншалықты азая береді және керісінше дәл осылай істейді.

Мысал түрінде талдап шығайық:

Мейрамхана бұрын 30 минутта әзірлеп отыратын. Кейін тездете бастады — Тапсырыс дайын күйін тапсырысты жасағаннан кейін 20 минуттан кейін белгілей бастады.

Жүйе жаңа мерзім туралы бірнеше сигнал алып, әзірлеу уақытын 20 минутқа дейін төмендетті.

Мейрамхана әрдайым 30 минутта әзірлеп отыратын. Бірақ, соңғы тапсырыстар кезінде Тапсырыс дайын күйін уақытылы белгілеп отыруды ұмытып отырды — оны кешіктіріп басып отырды.

Жүйе жаңа мерзім туралы бірнеше сигнал алып, әзірлеу уақытын ұлғайтты.

Ескерту

Тез дайындайтын мейрамханалар іздеу нәтижелеріндегі тізімде жоғары көрсетілуі мүмкін, бұл дегеніміз тапсырысты да көбірек алады деген сөз.

Сондай-ақ, дайындау уақыты аз мейрамханалар тапсырыс бергенде де көзге түседі — пайдаланушылардың 66%-ы мейрамхана таңдаудағы ең басты фактор ретінде жеткізу жылдамдығын есептейді.

Өздерінің жеткізуі бар мейрамханалардың дайындау уақыты

Дайындау және жеткізуге кететін жалпы уақыттың динамикалық есебі

Әзірлеу уақыты бөлімінде дайындау және жеткізуге кететін жалпы уақыттың динамикалық есебімен келісуіңізге болады.

Динамикалық есеппен жүйе бірнеше көрсеткіштерге байланысты жалпы уақытты ретке келтіріп отырады.

Динамикалық есеппен сіз мына әрекеттерді орындай аласыз:

  • тапсырысты өзіңізге көбірек тарта аласыз. Егер жүйе мейрамхананың тағамды ертерек жеткізуіне мүмкіндігі бар екенін анықтаса, жеткізу уақытын азайтып қоямыз. Солайша, пайдаланушылардың сізге тапсырыс беру ықтималдығы артады.

  • кешіктіру себебінен бас тарту мен қойылған төмен бағалар санын азайту;

  • жеткізу уақытына көңілі толған пайдаланушылардың қайта келіп, тапсырыс беру ықтималдығын арттыру;

  • жоғары рейтингті ұстап қалу — өйткені динамикалық есеппен жеткізу жылдамдығына байланысты түсетін шағымдардың алдын алуға болады.

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Бәрін қосамыз:

    • әзірлеуге минимум 15 минут;

    • тапсырысты жинақтау, орау және табыстауға 5 минут;

    • Яндекс Карты қызметінде көрсетілген кептелістерді есепке ала отырып, тапсырысты мейрамханадан пайдаланушыға дейін жеткізу уақыты — кем дегенде 10 минут.

  2. Кешіктіруге байланысты шағымдар бойынша ауытқудың жеке коэффициентін қолданамыз:

    • соңғы 50 тапсырысыңыз бойынша есептеледі;

    • егер сізде 10 тапсырыстан аз болса, жеке коэффициентті қолданбаймыз;

    • коэффициентті есептеу кезінде тапсырыс бойынша кешігуге байланысты соңғы шағымның рөлі зор.

  3. Сіз көрсеткен уақытты біздің есептеуімізбен сәйкес келетінін тексереміз:

    • егер уақытты сіздің аймақ бойынша көрсеткеніңізден аз есептесек, онда жеткізудегі өз уақытымызды көрсетеміз. Уақытты бірнеше минутқа ғана өзгертеміз, солайша сіз кешікпейсіз, ал пайдаланушылар тапсырысты неғұрлым тез алады. Егер үлгермейтін болсаңыз — бұрынғыша етіп қоямыз;

    • егер сіздегі уақытты есептеп қойсақ, пайдаланушы сіздің жеткізу уақытыңызды көреді;

    • егер уақытты көп есептесек, пайдаланушы біздің жеткізу уақытымызды көреді.

Бұл ретте сізге және пайдаланушыға жүйе жеткізуге бір уақытты көрсететін болады.

Мысал түрінде талдап шығайық:

Мейрамхана 1 жеткізудің динамикалық есебімен келісті.

Мейрамхана 60 минутқа дейін жеткізу аймағын белгіледі.

Тапсырыс жасағысы келген пайдаланушы мейрамхананың жанында — көршілес үйде тұрады.

Жүйе тапсырысты дайындау және жинақтау уақытын есепке алып, жолдағы жағдайды ескере отырып, жолға кететін уақытты есептеді.

Нәтижесінде біз қосымшада нақты жеткізу уақытын көрсеттік. Ол азайды және пайдаланушы үшін өзекті бола түсті — сондықтан ол Мейрамхана 1 арқылы тапсырыс беруге шешім қабылдады.

Мейрамхана 2 жеткізудің динамикалық есебімен келіспеді.

Мейрамхана 60 минутқа дейін жеткізу аймағын белгіледі.

Тапсырыс жасағысы келген пайдаланушы мейрамхананың жанында — көршілес үйде тұрады.

Динамикалық есеп болмағандықтан, пайдаланушы қосымшада сол бұрынғы 60 минутты көріп тұрды. Ол үшін бұл тым ұзақ болды, сондықтан ол жеткізу уақыты азырақ басқа мейрамхананы іздеу туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Мейрамхана 2 тапсырыс алған жоқ.

Дайындау мен жеткізудің жалпы динамикалық есебіне қалай келісуге болады

Бір мейрамхана үшін

  1. Әзірлеу уақытыДинамикалық есепсіз бөліміне өтіңіз.

  2. Қажет мейрамхананы таңдаңыз.

  3. Динамикалық есептеу1 мейрамхана үшін қосу батырмасын басыңыз.

Бірнеше мейрамхана үшін

  1. Әзірлеу уақытыДинамикалық есепсіз бөліміне өтіңіз.

  2. Бәрін динамикалық есептеуХ мейрамхана үшін қосу батырмасын басыңыз.

Әзірлеудің орташа уақытын қалай реттеу керек

Уақытты Әзірлеу уақыты бөлімінен біліп алуға болады.

Динамикалық есеппен әзірлеп үлгере алмай жатсаңыз, мақаладағы ұсынымдарды пайдалануға болады. Ал егер динамикалық есеп сізде әлі қосылмаған болса, бірақ уақытты өзгерту қажет болса, бізге Қолдау қызметіБасқа бөлімі арқылы жазыңыз — уақытты өзгертуге көмектесеміз.

Әзірлеу уақытына қалай әсер етуге болады

Тапсырыстың әзірлік күйлерін уақытылы қойып отырыңыз

Бәрін дайындап, тексеріп, қаптамаға салғаннан кейін Тапсырыс дайын батырмасын, ал тапсырысты курьерге табыстаған кезде Тапсырыс табысталды батырмасын басыңыз.

Әзірлеп үлгере алмай жатқан кезде жоғары жүктеме режимін қосыңыз

Әзірлеу уақыты бөлімінде:

  1. Қажетті мейрамхананың жанындағы Жоғары жүктеме батырмасын басыңыз.

  2. Әзірлеу уақытын қанша минутқа үлғайту керектігін және жаңа уақыт қанша уақыт әрекет етіп отыратынын таңдап, Қосу батырмасын басыңыз. Бұл мерзім өткеннен кейін әзірлеу уақыты автоматты түрде стандартты бола бастайды.

Тапсырыстар бөлімінде:

  1. Парақшаның үстіңгі бөлігіндегі мейрамханаларды ауыстырып-қосқышқа басыңыз.

  2. Қажетті нүктені таңдаңыз және найзағай таңбасына басыңыз.

  3. Әзірлеу уақытын қанша минутқа үлғайту керектігін және жаңа уақыт қанша уақыт әрекет етіп отыратынын таңдап, Қосу батырмасын басыңыз. Бұл мерзім өткеннен кейін әзірлеу уақыты автоматты түрде стандартты бола бастайды.

Менің мейрамханаларым бөлімінде:

  1. Қажетті мейрамхананы таңдаңыз және найзағай таңбасына басыңыз.

  2. Әзірлеу уақытын қанша минутқа үлғайту керектігін және жаңа уақыт қанша уақыт әрекет етіп отыратынын таңдап, Қосу батырмасын басыңыз. Бұл мерзім өткеннен кейін әзірлеу уақыты автоматты түрде стандартты бола бастайды.

Ескерту

Режим тек жоғары жүктеме кезінде қабылданған тапсырыстарға ғана әрекет етеді. Сіз оны жоғарыдағы нұсқаулық бойынша ұзарта аласыз немесе Жоғары жүктеме → Өшіру батырмасын басу арқылы әдеттегі дайындау уақытына қайтара аласыз.