Бухгалтерияға қатысты мәселелер
Егер жауап таба алмасаңыз, қажетті мейрамхананы таңдап, қолдау қызметіне жазыңыз — көмектесеміз. Біз өтінімдерді дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс уақыты кезінде — бірнеше сағат ішінде қарастырамыз. Жүктеме жоғары болған кезде жауап беру уақыты екі жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Төлемдер туралы
Ақшалай қаражат төлемдері қай күндері жүргізіледі?
Мейрамханаларға әр бейсенбі сайын — өткен бейсенбіден сәрсенбіге дейінгі кезең үшін төлемдерді аударамыз. Төлемге көршілес күндердегі тапсырыстар түсетін жағдайлар да болады. Төлем тапсырмалары автоматты түрде қалыптасады және банкіге жіберіледі. Ақшалай қаражатты есепке қосу жылдамдығы банкілердің жұмыс жылдамдығына байланысты.
Яндекс Еда қызметтері үшін ақшалай қаражатты Яндекс Еданың есеп айырысу шотына аудару керек пе?
Жоқ. Ақшалай қаражатты сіздің есеп айырысу шотыңызға біз Яндекс Еданың ұсталған сыйақысын ескере отырып аударамыз, сондықтан қосымша ештеңе аударудың қажеті жоқ.
Нақты аударым кезіндегі ұсталған қаражаттың сомасын Тапсырыс үшін комиссия төлем түрі көрсетілген тармақтардағы төлем тапсырмалары бойынша біздің есептерімізден білуге болады.
Есепті төлем жасалғаннан кейінгі дүйсенбі күні noreply@eda.yandex.com поштасынан сіздің электрондық поштаңызға жібереміз.
Яндекс Еда қызметтері үшін сыйақы қандай жағдайларда ұсталады және қандай жағдайларда ұсталмайды?
Сыйақы мыналардан ұсталады:
- жеткізу түрі мен төлем тәсіліне қарамастан, барлық жеткізілген тапсырыстардан — қолма-қол ақшамен төленген тапсырыстар үшін Яндекс Еданың сыйақысы осы күндегі немесе оған көршілес күндердегі басқа тапсырыстардың қолма-қол ақшасыз қаражатынан ұсталынады;
- мейрамхана тарапынан тоқтатылған тапсырыстардан, мысалы, мейрамхана уақытынан ерте жабылып қалса немесе тапсырысты әзірлеу үшін қажетті ингредиенттер болмаса — бұл жағдайда тапсырыс бойынша төлем жүргізілмейді, бұл туралы сіз сервиске қосылу кезінде қабылдаған офертаның 12.8 тармағында жазылған;
- сервис тарапынан тоқтатылған тапсырыстардан, мысалы, курьер болмаса, тапсырысты бүлдіріп алса немесе кешігіп қалса — бұл жағдайда мейрамханаға тапсырыс үшін төлем толық көлемде жүргізіледі және жасалған эквайринг қызметі, қолдау қызметі және Яндекс Еда сервистері үшін сервис сыйақысы ұсталынады.
Техникалық себептермен тоқтатылған тапсырыстардан және расталмаған тапсырыстардан: сынақ тапсырыстар немесе қателесіп жасалған тапсырыстардан сыйақы ұсталынбайды.
Әртүрлі мейрамхана үшін ақшалай қаражатты бөлек-бөлек аударуға бола ма?
Тапсырыстар бойынша төлемдер заңды тұлғада қосылған жеткізу түріне байланысты, ал, оған қоса Ресейдегі мейрамханалар үшін таңдалған жазылым түріне қарай қалыптастырылады.
Егер сізде Яндекс Еданың серіктес курьерлері және мейрамхана курьерлерінің көмегімен жеткізу қосылған болса, төлем саны да екеу болады:
- Яндекс Еданың серіктес курьерлері жеткізетін мейрамханалардан есептік кезеңдегі барлық тапсырыстар үшін;
- өздері жеткізетін мейрамханалардан есептік кезеңдегі барлық тапсырыстар үшін.
Егер, заңды тұлғаға бекітілген барлық нүктелер тек Яндекс Еданың серіктес курьерлерінің көмегімен жеткізуге қосылған болса, ақшалай қаражатты әр кезде біз бір сомамен аударамыз.
Егер сіз бізден алынған соманы әрбір мейрамхана бойынша бөлек-бөлек қарағыңыз келсе, төлем тапсырмасы бойынша есептегі тапсырыстарды Мейрамхана атауы немесе Мейрамхана мекенжайы бағандары бойынша сұрыптап алыңыз.
Төлемдер өтпей қалса не істеу керек?
Төлемдерді әр бейсенбі сайын алдыңғы бейсенбіден сәрсенбіге дейінгі кезең үшін аударамыз.
Егер көрсетілген кезең ішінде сізде тапсырыстар болып, алайда ақша түспеген болса — деректемелеріңізді дұрыс көрсеткеніңізді тексеріп алыңыз. Деректемелер тапсырыстарды қабылдайтын заңды тұлғаға тиесілі болу керек. Біз жеке тұлғалардың шоттарына төлем аудармаймыз.
Егер деректемелерді өзгерту қажет болса, онда қолдау қызметіне жазыңыз немесе бухгалтерияға қатысты мәселелер бойынша форманы толтырыңыз, онда Заңды тұлғаның деректерін өзгерту тармағын таңдау керек.
Мейрамханадан қосымша шегерімдер не үшін жүргізіледі?
Егер тапсырыс кезінде бірнәрсе дұрыс болмай жатса, біз пайдаланушыға ақшасын қайтара аламыз. Бұл сервис пен мейрамханаларға деген бейілділікті сақтауға көмектеседі.
Егер мейрамхана тарапынан қате болмаса, мұндай тапсырыстарды біз өтейміз. Егер болса — өтем жасау үшін жауапкершілік мейрамханаға өтеді. Оған қоса, егер сіз тапсырысты растап, бірақ оны әзірлей алмасаңыз, ол үшін Яндекс Еданың сыйақысы ұсталынады. Бұл туралы толығырақ сіз сервиске қосылу кезінде қабылдаған офертаның 13.8 тармағында жазылған.
Біз Яндекс Еданың серіктес курьерлерінің көмегімен жеткізу кезінде пайдаланушыларға ақшаны, егер
- тапсырыстағы тағам қате болса немесе бірдеңені салу ұмытылып қалса;
- тағам ішінде бөгде заттар болған жағдайда қайтарамыз.
Біз мейрамхана курьерлерінің көмегімен жеткізу кезінде пайдаланушыларға ақшаны, егер
- тапсырыстағы тағам қате болса немесе бірдеңені салу ұмытылып қалса;
- тағам ішінде бөгде заттар болса;
- курьер кешігіп қалса немесе тапсырысты әкелмесе;
- тапсырыс жолда бүлініп қалған жағдайларда қайтарамыз.
Шағым түріне қарай пайдаланушыға ақшаны толық немесе ішінара қайтарамыз. Егер мәселе жекелеген тағамдарға немесе қоспаларға қатысты туындаған болса, тек соларды ғана өтейміз. Егер түгел тапсырысқа бірдеңе болса — оның құнын толығымен қайтарамыз. Егер пайдаланушыдан шағым тапсырыс аяқталғаннан кейін 48 сағаттан кешіктіріліп келсе, өтемақы шығындарын біз өзіміз көтереміз.
Шегерімдерді пайдаланушыларға мейрамхана қателігінен өтелген тапсырыстар тізімі көрсетілген жекелеген қойындыдағы бір апта және бір ай үшін берілген есептерден бақылап отыруға болады. Бухгалтерлік құжаттарда пайдаланушыларға жасалған қайтарымдар Тапсырманы орындау туралы есепте бөлек тармақпен көрсетілген. Қайтарымдар бойынша толық деректерді осы құжатқа қосымшадан қарауға болады. Мейрамхана кінәсінен тоқтатылған тапсырыстардағы Яндекс Еданың қызметі үшін төлемдер тиісті ортақ тармақта көрсетіледі.
Егер сіз есептегі тапсырыс үшін шегеріммен келіспесеңіз, онда қолдау қызметіне жазыңыз, жазу кезінде Қаржылық сұрақтар → Тапсырыс үшін шегерім бойынша апелляция беру тақырыбын таңдаңыз. Хабарламада тапсырыстың есепке неліктен қате түскені туралы айтып беріңіз және мүмкіндігінше расталуы бар фото немесе видеоны қоса жіберіңіз. Апелляция мерзімдері — есепті алған сәттен бастап 14 күн.
Тапсырыстар бойынша жалған шағымдарды алып тастау үшін біз профильдерді және олардың авторларының белсенділігін арнайы алгоритмдердің көмегімен тексереміз. Сондай-ақ, біз жеткізу кезінде әрдайым бірнәрсені дұрыс жасамаған курьерлердің қателерімен үнемі жұмыс істейміз, осылайша біз мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмауға тырысамыз.
Мейрамхана тарапындағы қателері бар тапсырыстар үшін шегерімдер туралы толығырақ мына мақалада: Біз пайдаланушыға ақшаны қай кезде қайтарамыз.
Есептер мен басқа бухгалтерлік құжаттар туралы
Тапсырыстар туралы есептер excel форматында қай күндері жіберіледі?
Төлем жасалғаннан кейінгі дүйсенбі күні Бір аптадағы тапсырыстар бойынша есеп (төлем тапсырмасы бойынша есеп) жібереміз. Біз оны сіз біздің жүйеге тіркелу кезінде немесе өтініш арқылы ауыстырғаннан кейін көрсеткен электрондық поштаға жібереміз. Бұл есеп жұма күнгі төлемге түскен барлық тапсырыстарды қамтиды — олар транзакциялар бойынша бөлінген. Шегерімдер әр тапсырыс бойынша бөлек есептеледі.
Есептік айдан кейінгі айдың үшінші жұлдызында біз Бір айдағы тапсырыстар бойынша есеп (агенттің Есебіне жабатын құжаттарға түсініктеме есеп) жібереміз. Біз оны сол электрондық поштаға жібереміз.
Тапсырыстар бойынша есептерді noreply@eda.yandex.com электрондық поштасынан жібереміз.
Төлем тапсырмалары бойынша есептерді қалай оқу керек?
Бұл есепті біз төлем жасалғаннан кейінгі дүйсенбі күні — сіз біздің жүйеде тіркелген кезде көрсеткен немесе өтініш арқылы ауыстырғаннан кейін көрсеткен электрондық поштаға жібереміз.

Төлем тапсырмалары бойынша апта сайынғы есепте 14 баған бар:
-
Тапсырысты қабылдаған күн және Тапсырысты қабылдаған уақыт — осы бағандардың көмегімен мәскеулік уақыт бойынша мейрамхана тапсырысты нақты қай кезде растағанын білуге болады;
-
Тапсырыс нөмірі — бұл бағанда жеке кабинетте көрсетіліп тұратын тапсырыс нөмірін таба аласыз;
-
Интеграция бойынша тапсырыс нөмірі — сіздің POS-жүйеңізде көрсетілетін нөмір: егер бізбен жеке кабинет арқылы жұмыс істесеңіз, бұл бағандағы ұяшықтар бос болады;
-
Тапсырыс күйі — бұл жерден тапсырыс жеткізілді ме, жоқ па екендігін білуге болады;
-
Пайдаланушының тапсырысты төлеген — пайдаланушы тапсырысты қалай төлегені туралы ақпарат бар баған: карта немесе қолма-қол ақша;
-
Мейрамхана атауы және Мейрамхана мекенжайы — қажетті мейрамханаға қатысты ақпаратты көру үшін осы бағандарды сұрыптап алыңыз: бұл егер сізде атауы бірдей, бірақ әр түрлі мекенжайда орналасқан мейрамханалар болған кезде ыңғайлы.
-
Жеткізу түрі — бұл жерде тапсырыстың қалай жеткізілгені жазылып тұрады: Яндекс Еданың серіктес курьерлері жеткізген, өзі алып кеткен немесе мейрамхана курьерлері жеткізген;
-
Валюта — KZT-пен;
-
Транзакция сомасы — қаржылық операцияның сомасы: нақты тапсырыс бойынша барлық операцияларды қарап шығу үшін қажетті тапсырысты таңдап, Тапсырыс нөмірі немесе Интеграция бойынша тапсырыс нөмірі бағанын сұрыптап алыңыз (нақты тапсырыс қорытынды түрде қанша табыс әкелгенін білу үшін ол бойынша барлық транзакциялардың сомасын есептеп алыңыз);

-
Түсініктеме — бұл бағанда әрбір транзакцияның түрі көрсетілген, мысалы, тапсырыс бойынша төлем немесе пайдаланушы белсендірген промокод;

-
Төлем тапсырмасы — құжаттың нөмірі және оның күні көрсетілген баған;
-
Т/т сомасы — төлем тапсырмасының сомасы.
Бір айдағы тапсырыстар туралы ақпараттық есепті қалай оқу керек?
Бір айдағы тапсырыстар туралы ақпараттық есепті біз есептік айдан кейінгі айдың үшінші жұлдызында сіздің бухгалтерлік поштаңызға жібереміз. Сізге бірден 2 файл келеді: есептің өзі және оның түсініктемесі.

Бір айдағы тапсырыстар туралы ақпараттық есепте 14 баған бар:
- Тапсырысты қабылдаған күні мен уақыты — мәскеу уақыты бойынша мейрамхана тапсырысты растаған уақыт.
- Тапсырыс нөмірі — жеке кабинетте көрсетілетін тапсырыстың нөмірі.
- Интеграция бойынша тапсырыс нөмірі — сіздің POS жүйеңізде көрсетілетін нөмір. Егер сіз тапсырыстарды жеке кабинет арқылы қабылдасаңыз, бұл бағандағы ұяшықтар бос болады.
- Күйі — мұнда тапсырыстың жеткізілгенін немесе жеткізілмегенін көруге болады.
- Төлем түрі — пайдаланушы тапсырысты қалай төлегені туралы ақпарат бар баған: карта немесе қолма-қол ақша.
- Нүкте атауы және Нүкте мекенжайы — бұл сізде әртүрлі мекенжайлар бойынша орналасқан мейрамхана желісі болған кезде ыңғайлы.
- Жеткізу түрі — Яндекс Еданың серіктес курьерлерінің көмегімен, өзі алып кеткен немесе мейрамхана курьерлерінің көмегімен.
- Тапсырыс бойынша төлем (транзакциялар бойынша) — шегерімдер мен қосымша төлемдерге дейінгі тапсырыс сомасы.
- Комиссия пайызы — сервис қызметтері үшін пайыз түріндегі төлем.
Төмендегі бағандардың атауында түсініктеме файлдың тиісті бағандарының нөмірлері көрсетілген:
- Комиссия сомасы ( 11 баған) — сервис қызметтері үшін KZT түріндегі төлем.
- Яндекс.Еданың басқа шегерімдері (14, 16, 18, 25, 27, 28 бағандар) — сервистің басқа қызметтері үшін төлем.
- Қосымша төлемдер (шайпұл, серіктестің жеткізуі) комиссия ұсталмайды (24, 26 бағандар) — мейрамханаға аударымдар.
- Тапсырыс үшін ЖИЫНЫ — тапсырыс үшін шегерімдер мен қосымша төлемдер ескерілген жалпы сома.
Ескерту
Бір айдағы тапсырыстар бойынша ақпараттық есеп — тапсырманы орындау туралы есептің егжей-тегжейлі түсініктемесі.
Бір айдағы тапсырыстар бойынша есеп сіздің поштаңызға түсініктеме файлмен бірге келеді.
Түсініктемеден сіз әрбір тапсырыс бойынша егжей-тегжейлі есептеулерді — шегерімдер мен аударымдарды таба аласыз. Егер есепке қатысты сұрақтарыңыз туындаса, түсініктемеден барлық сомаларды тауып алуға болады.
Яндекс Еда қандай бухгалтерлік құжаттарды және қашан ұсынады?
Әрбір күнтізбелік ай аяқталған кезде алғашқы жеті жұмыс күнінің ішінде біз сіздің бухгалтерияңыздың электрондық поштасына info-noreply@support.yandex.com мекенжайынан келесі құжаттар жиынтығын жібереміз:
- қызметтерді көрсету туралы акт — онда сіз есептік айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейінгі кезең үшін Яндекс Еда қызметтерінің жалпы құнын таба аласыз;
- шот-фактура;
- тапсырманы орындау туралы есеп — ол біздің пайдаланушылардан алған немесе мейрамханаға өз есебімізден өтеген ақшалай қаражат туралы ақпаратты қамтиды: бұл есепте есептік кезең үшін нақты ұсталған ақшалай қаражат, яғни, сервис қызметтері үшін сыйақы немесе мейрамхана тарапынан болған қателіктері бар тапсырыстар үшін шегерімдер көрсетілген.
Яндекстің ЭҚА-на қосылған серіктестерге осындай құжаттар жиынтығын сол жерге жібереміз және электрондық поштаға көшірмесін жібермейміз.
Әр тапсырыс бойынша толық деректерді біздің бір айдағы тапсырыстар бойынша есебімізден көруге болады: excel-файлдар. Біз оларды әр айдың 3-4 күні noreply@eda.yandex.com поштасынан жібереміз.
Жабатын құжаттардың түпнұсқаларын айдың ортасында сізге бекітілген пошта мекенжайына Почта России қызметі арқылы жібереміз.
Жабушы құжаттар — біртараптық, оларға тек Яндекс Еда ғана қол қояды. Серіктес тарапынан тек тоқсандық салыстыру актілерін ғана куәландыру керек. Сіз бізге скан-көшірмелерді жеке кабинет → Қолдау қызметі бөлімі → Қаржы және құжаттар бөлімі арқылы жібере аласыз.
Өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерінде сомалар қалай көрсетіледі?
Бізде екі салыстыру актісі бар:
- Яндекс Еда қызметтерінің құны (сыйақысы) көрсетілген;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар (мейрамхана тарапына төлемдер) көрсетілген.
Екі актіні де әр тоқсан сайын info-noreply@support.yandex.com поштасынан жібереміз.
Назар аударыңыз
Жеткізудің әр түрі үшін біз жеке салыстыру актісін жібереміз.
Яндекс Еда қызметтері бойынша актіде Түсімдер тармағында бір ай үшін нақты ұсталған сыйақының сомасы көрсетілген — ол тапсырманы орындау туралы есептегі Яндекс Еда Қызметтерінің Құны тармағымен сәйкес келеді. Акт тармағында бір айдағы есептелген (есептік) сыйақы көрсетіледі — ол көрсетілген қызметтер туралы берілген актімен сәйкес келеді.
Мейрамхана тарапына төлемдер бойынша актіде Үзінді-көшірме бойынша шығындар тармағында сіздің есеп айырысу шотыңызға бізден аударылған барлық ақшалай қаражат көрсетілген. Акт тармағындағы сома тапсырыстар бойынша айналымды нақты ұсталған сыйақы сомасына азайту арқылы есептеледі — тапсырманы орындау туралы есептегі кестеде Тапсырыс берушіге тапсырманы орындаумен байланысты аударылуы тиіс ақшалай қаражаттың жиын сомасы тармағынан Яндекс Еда Қызметтерінің Құны тармағы шегеріледі.
Кезең соңындағы қарыздың жиын сомасын анықтау үшін төлемдер бойынша салыстыру актісіндегі соңғы кредиттік сальдодан Яндекс Еда сыйақылары бойынша салыстыру актісіндегі соңғы дебеттік сальдоны шегеріп тастаңыз.
Электрондық поштаға есептер мен құжаттар келмей жатса не істеу керек?
Егер сіз электрондық пошта арқылы есептер немесе құжаттарды алмай жатсаңыз:
-
Мейрамханалар бөлімінде сервиске қосылу кезінде бухгалтерлік пошта ретінде көрсеткен поштаңыздың өзектілігін тексеріңіз. Ол үшін мейрамхананы таңдаңыз — бухгалтерлік ақпарат көрсетілген блок парақшаның төменгі бөлігінде болады.
-
Спам қалтасын тексеріңіз — хаттар қателесіп сол жерге түсуі мүмкін.
-
Хаттарды жіберушінің мекенжайы арқылы іздеп көріңіз:
- тапсырыстар бойынша есептерді мына поштадан жібереміз: noreply@eda.yandex.com;
- жабушы құжаттар мен тоқсан сайынғы салыстыру актілерін info-noreply@support.yandex.com поштасынан жібереміз.
Басқа ықтимал себептер:
- сіз біздің таратылымға жазылымнан бас тарттыңыз;
- сіздің компанияңызда қолданылатын пошталық клиенттің баптаулары біздің хаттарды спам ретінде есептеп, жібермей жатыр — өз компанияңыздың техникалық мамандарынан осы мәселені нақтылап алыңыз.
Егер сіз барлық аталған тармақтарды тексеріп шықсаңыз, ал есептер бәрібір келмей жатса, бізге қолдау қызметі арқылы жазыңыз.
Маған офертаның түпнұсқасын жіберуге бола ма?
Біз офертаның қабылдануын электрондық түрде жүзеге асырамыз және офертаға жазбаша түрде қол қоймаймыз. Оферта қостараптық қағаз түріндегі шарт сияқты бірдей заңды күшке ие.
Басқа сұрақтар
ЭҚА-на қалай қосылуға болады?
ЭҚА-на қосылған серіктестерге біз шақыруды айына екі рет жібереміз: әр айдың 10-13 және 25-28 күндері.
Қазір біз Тензор (СБИС) және Диадок (КОНТУР) компанияларымен жұмыс істейміз. Серіктестермен барлық электрондық құжат айналымын тек осы операторлар арқылы жүргіземіз.
100 рубль мөлшердегі аванстық төлемге құжаттар беріле ме?
Бұл төлем бойынша актсіз тек аванстық шот-фактура береміз — себебі серіктестен түскен бұл аванс кейін Яндекс Еданың сыйақысына есептеледі немесе шартты бұзғаннан кейін серіктеске қайтарылады.
Мұндай құжатты алу үшін қолдау қызметіне жазыңыз, жазу кезінде Қаржылық сұрақтар → Құжаттар мен есептер/көшірмелерді сұрату тақырыбын таңдаңыз. Немесе бухгалтерияға қатысты мәселелер бойынша форманы толтырыңыз, онда Жабушы құжаттарға қатысты сұрақтар → Жабушы құжаттарды электрондық түрде алу тармақтарын таңдаңыз.
100 рубль мөлшердегі аванстық төлемді қалай қайтаруға болады?
Сіз сервиске қосылған кезде офертаны қабылдау үшін төлеген 100 рубльді тек шартты бұзғаннан кейін ғана қайтарып алуға болады.
Егер шартты бұзғыңыз келсе:
- Деректерді өзгертуге өтінім толтырыңыз, онда Шартты бұзу/нүктені ажырату тармағын таңдаңыз.
- Кейін 100 рубль мөлшердегі аванстық төлемді қайтаруға өтінімді толтырыңыз және info@balance.yandex.ru поштасына жіберіңіз.
Заңды тұлғаның деректері өзгерсе не істеу керек?
Заңды ақпаратты өзгерту үшін қолдау қызметіне жазыңыз, онда Мейрамхана деректерін өзгерту → Заңды тұлғаның деректерін өзгерту тақырыбын таңдаңыз — немесе бухгалтерияға қатысты мәселелер бойынша форманы толтырыңыз.
Өтінішке басшының қолымен және (егер бар болса) ұйымның мөрімен куәландырылған ресми хаттың скан-көшірмесін қоса жіберіңіз. Хаттың үлгісін формада тиісті тармақты толтыру кезінде табуға болады. Бұл талаптар біздің серіктестердің ақпараты мен ақшалай қаражатын қорғау үшін қажет.
Яндекс Еда қандай чек береді?
Тапсырысты онлайн төлеген кезде Яндекс Еда фискалдық чек басады. Бұл ретте, мейрамханаға алдын ала чек жасаудың қажеті жоқ.