Аккаунтты қосу, ауыстыру немесе өшіру жолдары

Аккаунт — бұл қолданбадағы телефон нөміріне тіркелген баптаулар жиынтығы. Сіз бірнеше аккаунт жасап, оларды, мысалы, саяхатқа шыққан кездерде, ауыстырып қолдана аласыз. Әрбір аккаунт үшін әр түрлі төлем құралдарын және промокодтарды қолдануға, бірегей мекенжайларды көрсетуге және т.б. әрекеттерді жасауға болады.

Бірінші аккаунт қолданбаны пайдалана бастаған кезде телефон нөмірін растағаннан кейін жасалады.

Жаңа аккаунт қосу жолдары (Android және iOS үшін)

  1. Қолданбаның мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Аккаунтты оңға немесе солға жылжытып, кейін Басқа аккаунт таңдау пернесін басыңыз.
  4. Телефон нөмірін көрсетіп, Әрі қарай пернесін басыңыз — осы нөмірге растау коды көрсетілген хабарлама келеді.
  5. Кодты енгізіп, Дайын (немесе Әрі қарай) пернесін басыңыз — сол кезде аккаунт белсенді болады.

Аккаунтты ауыстыру жолдары (Android және iOS үшін)

  1. Қолданбаның мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Аккаунтты оңға немесе солға жылжытыңыз, басқасын таңдап, Әрі қарай (немесе Жалғастыру) пернесін басыңыз.

Аккаунтты қалай өшіру керек

Android және iOS:

  1. Қолданбаның мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз.
  3. Парақшадан шығуАккаунтты өшіру (немесе Шығу) пернелерін басыңыз.
  4. Басқа аккаунтты таңдап, Әрі қарай пернесін басыңыз.

iOS:

  1. Қолданбаның мәзірін ашыңыз.
  2. Телефон нөміріне басыңыз, кейін тағы бір рет басыңыз.
  3. Аккаунттың жанындағы пернесін басып, өшіруді растаңыз.
  4. Басқа аккаунтты таңдап, Әрі қарай пернесін басыңыз.