---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.54.4
alternate:
  - https://yandex.com/support/browser/en/personalization/extension.md
  - https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/extension.md
  - https://yandex.com/support/browser/ru/personalization/extension.md
  - https://yandex.com/support/browser/tr/personalization/extension.md
  - https://yandex.com/support/browser/uz/personalization/extension.md
  - href: kk/personalization/extension.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
keywords:
  - Кеңейтім қатесі яндекс браузер.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.com/support/browser/kk/llms.txt




# Кеңейтімдер

{% note alert %}

**SaveFrom.net**, **Frigate** және бірқатар басқа кеңейтімдер әлеуетті қауіпті және әділетсіз әрекеттеріне байланысты сөндірулі.

{% endnote %}


_Кеңейтімдер_ — бұл жаңа мүмкіндіктерді қосатын браузерге енгізілген шағын бағдарламалар, мысалы [жағымсыз жарнаманы оқшаулайды](https://yandex.com/support/browser/kk/security/ad-protection.md), түнгі режимді қосады немесе құпиясөздерді басқарады. [Яндекс Браузерге](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) Браузер пәрмені жасаған [Chrome](https://chromewebstore.google.com/category/extensions) немесе [Opera](https://addons.opera.com/ru/extensions/) браузері секілді сыртқы каталогтердегі кеңейтімдерді орнатуға болады.


{% note info %}

Кеңейтімдер арасында зарарлы бағдарламалар жиі кездеседі, өйткені оларды браузерлерді жасаушылар ғана емес, сонымен қатар үшінші тарап бағдарламашылары да жасайды. Сондықтан Браузер тексерілмеген дереккөздердің кеңейтімдерін [өшіреді](https://yandex.com/support/browser/kk/security/check-extensions.md#extension-blocking) және мерзімді түрде бұрын орнатылған кеңейтімдердің арасында көшірмелердің бар-жоғын [тексереді](https://yandex.com/support/browser/kk/security/check-extensions.md#original-extension).

{% endnote %}


## Кеңейтімдер тізімін көру {#what}

Бар кеңейтулерді талдау және пайдаланушылардың қалауын зерттеу Браузер үшін ең танымал, пайдалы және қауіпсіз кеңейтімдерді іріектеуге мүмкіндік берді.

Кеңейтімдер тізімін ашу үшін ![](../_image/settings-icon.svg) → **Кеңейтімдер** батырмасын басыңыз.

Тізімде алдын ала орнатылған кеңейтімдер (мысалы, Антишок) және Браузердің қосымша функциялары аталған (мысалы, [синхрондау](https://yandex.com/support/browser/kk/device/sync.md)).


## Кеңейтіммен әрекеттер {#actions}


####   {#actions__install-extension}

{% list tabs %}

- Орнату



  {% cut "Іріктелгендер" %}


  1\. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.


  2\. Кеңейтімді таңдаңыз және **Орнату** батырмасын басыңыз.



  {% endcut %}

  {% cut "Каталогтан" %}


  Яндекс Браузермен үйлесімді сыртқы каталогтерден: [Chrome браузері](https://chromewebstore.google.com/category/extensions) немесе [Opera браузері](https://addons.opera.com/ru/extensions/) кеңейтімдерін орната аласыз.


  1\. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.


  2\. Беттің төменгі сол жағында **Кеңейтімдер каталогі** түймесін басыңыз.

  3\. Қажетті кеңейтім бетіне өтіп, **+ Яндекс Браузерге қосу** батырмасын басыңыз.

  4\. Ашылған терезеде кеңейтім қолжетімді болатын деректер тізімімен танысыңыз. Егер сіз деректеріңізге кіруге келіссеңіз, орнатуды растаңыз.


  {% endcut %}



- Қосу немесе өшіру


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

  1. Тізімнен қажетті кеңейтімді тауып, оны қосыңыз немесе өшіріңіз.


- Баптау


  Кеңейтім баптауларына кіру үшін:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

  1. Қажетті кеңейтімнің сипаттамасында **Толығырақ** батырмасын басыңыз.
  1. Сипаттаманың астында **Барлық баптаулар** түймесін басыңыз. Егер мұндай түйме жоқ болса, онда кеңейтімнің параметрлері жоқ.


- Жою



  {% cut "Алдын ала орнатылғандар" %}


  Алдын ала орнатылған кеңейтімдерді (Антишок, Жарнаманы бұғаттау, Кеңесші, Пошта және т.б.) жою мүмкін емес, оларды өшіруге болады.


  {% endcut %}

  {% cut "«Басқа дереккөздерден» бөлімінде" %}


  1\. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.


  2\. Қажетті кеңейтімнің сипаттамасында **Толығырақ** батырмасын басыңыз.

  3\. **Жоюды** басыңыз.


  {% endcut %}

  {% cut "Басқа бөлімдерде" %}


  1\. `browser://extensions` парақшасын ашыңыз.

  2\. Қажетті кеңейтімді тауып алып, **Жою** батырмасын басыңыз.

  Кеңейтім Браузер файлдарынан өшіріледі, бірақ **Толықтырулар** парақшасынан жоғалмайды. Қосқан кезде ол қайта жүктеліп, қайтадан орнатылады.


  {% endcut %}

{% endlist %}


## Кеңейтім белгішесі {#icon}

Кейбір кеңейтімдерді қосқаннан кейін, олардың белгішесі [Ақылды жолдың](*smart-link) оң жағында пайда болады. Кеңейтімнің функцияларын пайдалану үшін белгішені басыңыз:

![](../_image/improvement-toolbar.png)

{% list tabs %}

- Белгішені жасыру

  {% cut "Бір белгіше" %}

  1. Тінтуірдің оң жақ батырмасын кеңейтім белгішесіне басыңыз.
  1. **Кеңейтімді жасыру** тармағын таңдаңыз.

  {% endcut %}

  {% cut "Бір уақытта бірнеше белгіше" %}

  1. Көрсеткішті Ақылды жол мен кеңейтімдер таңбаларының арасындағы бөлікке апарыңыз — көрсеткіш екі жақты көрсеткішке айналады.
  1. Тінтуірдің сол жақ батырмасын ұстап тұрып, оңға қарай тартыңыз.

  ![](../_image/extension-collapse.png)

  {% endcut %}


- Таңбашаны көрсету


  Егер кеңейтім белгішесі Браузер панелінде көрсетілмесе:

  1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

  1. Қажетті кеңейтімнің сипаттамасында **Толығырақ** батырмасын басыңыз.
  1. **Батырманы көрсету** батырмасын басыңыз. Егер мұндай түйме жоқ болса, онда белгішені панельге қосу мүмкін болмайды.

  ![](../_image/icon-additions-include.png)


{% endlist %}


## Кеңейтім үшін ыстық пернелерді орнату {#hotkeys}

Қажетті кеңейтімді жылдам іске қосу немесе жұмыс кезінде әрекеттерді орындау үшін ыстық пернелерді орнатуға болады:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

1. Қажетті кеңейтімді таңдап, **Толығырақ** түймесін басыңыз.
1. Егер кеңейтімде жылдам пернелер болса, оларды кеңейтімнің сипаттамасында көресіз.

   ![](../_image/extension-hotkeys-1.png)
   
1. Ыстық пернелер тіркесімін орнату үшін әрекетті таңдап, меңзерді оның атауының оң жағындағы өріске орнатыңыз.
1. Бір немесе бірнеше қызметтік пернелерді (**Ctrl**, **Shift**, **Alt**) және сіздің таңдауыңыз бойынша пернені басып тұрыңыз.

![](../_image/extension-hotkeys.png)


## Браузер қандай кеңейтімдерді қолдамайды? {#extensions-not-supported}

Браузер тек [Chrome браузері](https://chromewebstore.google.com/category/extensions) немесе [Opera браузері](https://addons.opera.com/ru/extensions/) каталогтеріндегі кеңейтімдерді қолдайды, онда олардың қауіпсіздігі тексеріледі. Егер басқа дереккөзден кеңейтімді орнатуға тырыссаңыз, онда хабарламаның біреуін көресіз:

#|
||**Сәйкессіздік туралы хабарлама** | **Бас тарту себебі**||
||Yandex қауіптілігі ықтимал кеңейтімді орнатуды бұғаттады. | Кеңейтім [зарарлы](https://yandex.com/support/browser/kk/security/check-extensions.md) болып табылады және қара тізімде.||
||Яндекс Браузер бұл кеңейтімді қолдамайды. | Кеңейтім Браузерге техникалық жағынан сәйкес келмейді.||
||Инсталлятор кеңейтудің сәтті орнатылғаны туралы хабарлайды, бірақ толықтырулар бетінде [пайда болмайды](https://yandex.com/support/browser/kk/security/check-extensions.md#extension-blocking). | Кеңейтім Браузерге техникалық жағынан сәйкес келмейді.||
|#

## Жаңа кеңейтімді Браузерге қалай қосуға болады? {#add-extensions}

1. Кеңейтімді `crx3` мұрағатына жинақтаңыз.
1. Браузерде `browser://tune` парақшасын ашыңыз.
1. Мұрағат салынған қалтаны ашып, оны Браузер терезесіне сүйреңіз.

Орнатқаннан кейін кеңейтім **Басқа дереккөздерден** бөлімінде пайда болады.


## Кеңейтімдермен туындаған қиындықтар {#problems}

{% cut "Кеңейтім істемей қалды" %}

Оны қайта орнатып көріңіз:

<!-- source: kk/_includes/personalization/reinstall-extension.md -->
1. Браузерде `browser://extensions` парақшасын ашыңыз.

1. Қажетті кеңейтімді тауып алып, **Жою** батырмасын басыңыз.

1. Кеңейтімді `browser://tune` бетінен немесе оны бұрын орнатқан дереккөзден қайта орнатыңыз.
<!-- endsource: kk/_includes/personalization/reinstall-extension.md -->

{% endcut %}

{% cut "Яндекс Пошта, Диск, Ауа райы немесе Кептелістер кеңейтімі жұмыс істемейді" %}


«Яндекс Элементтері» (Пошта, Ауа райы, Кептелістер және Диск) кеңейтімдері енді дамытылмайды және орнатылмайды, олардың дұрыс жұмысына кепілдік жоқ. Бұл сервистерді [веб-қосымшалар](https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/web-app.md) ретінде орнатыңыз.


{% endcut %}

{% cut "Кеңейтім жаңа қойынды түрін өзгертпейді" %}


Браузер пайдалы ақпарат жоғалып кетпес үшін жаңа қойындының көрінісін немесе функционалын өзгертетін кеңейтімдерді елемейді. Қажет емес бөлімдерді өзіңіз сөндіріп тастай аласыз: [Тақтаға](https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/tableau.md) бекітілген сайттар, жаңалықтар, ауа райы және басқа [виджеттер](https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/ntp.md), Дзен. Сондай-ақ, сіз [браузерге өз фоныңызды қоя аласыз](https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/change-background.md) және [безендіру тақырыбын өзгерте аласыз](https://yandex.com/support/browser/kk/personalization/theme.md).


{% endcut %}

{% cut "Кеңейтім жұмысындағы қате, ол өшіріледі" %}

Оны қайта орнатып көріңіз:

<!-- source: kk/_includes/personalization/reinstall-extension.md -->
1. Браузерде `browser://extensions` парақшасын ашыңыз.

1. Қажетті кеңейтімді тауып алып, **Жою** батырмасын басыңыз.

1. Кеңейтімді `browser://tune` бетінен немесе оны бұрын орнатқан дереккөзден қайта орнатыңыз.
<!-- endsource: kk/_includes/personalization/reinstall-extension.md -->

{% endcut %}



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->

[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.