Қосымшаларға құпиясөздерді енгізу
Егер сіз мобильді Яндекс Браузерде сайттың құпиясөзін сақтасаңыз, оны сайтпен байланысты қосымшаға автоматты түрде қоя аласыз.
Құпиясөздерді енгізуді қосу
- 
- 
Құпиясөздер мен карталар бөлімінде Менің деректерім → Баптаулар батырмасын басыңыз. 
- 
Құпиясөздер бөлімінде Құпиясөздерді автоматты түрде толтыру опциясын қосыңыз. 
- 
Баптауларда қоюды қосу опциясын басыңыз. 
- 
Face ID немесе құрылғы құпиясөзін пайдаланып, телефон баптауларындағы Құпиясөздер бөліміне өтіп, Құпиясөз баптаулары опциясын таңдаңыз. 
- 
Yandex опциясын қосыңыз. 
Ескерту
Егер мұндай опция болмаса, Құпиясөздер мен кіру кілттерін автотолтыру опциясын қосыңыз.
Құпиясөзді енгізу
- 
Қосымшаны ашыңыз және логин мен құпиясөзді енгізу өрісіне басыңыз. 
- 
Тізімнен қосымша логинін таңдаңыз. Егер тізім пайда болмаса, Yandex көмегімен толтыру опциясын басып, логинді таңдаңыз. 
- 
Егер сіз мастер-құпиясөз құрған болсаңыз, оны қоймаға қосылу үшін енгізіңіз. 
- 
Логин мен құпиясөз өрістерге енгізіледі. Қосымшаға кіріңіз. 
Қосымшаның құпиясөзін сақтау
Егер сіз енгізуді қоссаңыз, кейін қосымшаны орнатсаңыз, оған арналған құпиясөз қоймаға автоматты түрде түспейді. Құпиясөзді қосу үшін:
- Қосымшаны ашыңыз, логин мен құпиясөзді енгізіңіз.
- Құпиясөзді қоймаға қосуды растаңыз.
- 
Егер сіз мастер-құпиясөз құрған болсаңыз, оны қоймаға қосылу үшін енгізіңіз. 
Осыдан кейін логин мен құпиясөз автоматты түрде қосымшаға кірген кезде енгізіліп отырады.
Енгізуді өшіру
- 
- 
Құпиясөздер мен карталар бөлімінде Менің деректерім → Баптаулар батырмасын басыңыз. 
- 
Құпиясөздер бөлімінде Құпиясөздерді автоматты түрде толтыру опциясын өшіріңіз. 
Браузер авторизация кезінде қосымшаларға құпиясөзді енгізуді тоқтатады.